«Жас қазақ» Ұлттық апталық

16.09.2011

Просмотров: 2207

Үздіктер сапында – ұлттық университет

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті QS топ-университеттер арасында рейтинг бойынша 200 орынға көтерілді.

Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, ҚазҰУ үздіктер қатарынан табылып, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет саналады.

QS рейтингі әлемнің 700 үздік университеті арасында жүргізіледі. Қазақстан ЖОО көшбасшысы ҚазҰУ бірінші рет бұл рейтинг жүйесіне 2009 жылы қатысып, 601-650 шептен орын алған болатын. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да қолданбалы және іргелі зерттеулер бойынша 200-ден астам жоба қолға алынған.

(өз тілшіміз)