«Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газет

31.08.2011

Просмотров: 2118

Жастар – Елбасымен бірге

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осыдан 16 жыл бұрын Сіздің басшылығыңызбен қабылданған егемен елімізді барша әлемге құқықтық, зайырлы және біртұтас мемлекет ретінде жариялады. Бұл тұрғыда Сіз «Егемен елiмiздiң мемлекеттiлiгiн, тәуелсiздiгiн, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бiрден бiр құжат— бұл Конституция» - деп осы тарихи маңызды құжаттың мән-мағынасын толығымен айшықтап бердіңіз.

Сіз қазіргі таңда Қазақстанның әрбір жас азаматы үшін еліміздің Конституциясында бекітілген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асырудың кепілі болып отырсыз. Сіздің тәуелсіз еліміздің білікті жастарына артып отырған сеніміңізді аса жауапкершілікпен сезінетін жасампаз жас әрқашан жаңа бастамалар жанынан табылуға тырысады. Барша қазақ жастарына деген қолдауыңызды ҚазҰУ қалашығына қарап та көруге болады. Мысалы, жаңа оқу ғимараттары мен жатақханалар, бай кітап қоры бар кітапхананың бой көтеруі, студенттік құрылыс жасақтарының қызмет етуі жас ұрпақтың өз елін сүйетін елжанды, білімді, білікті болып өсуіне жасаған жағдайыңыз деп білеміз. «Адамның қандай екенін оның қандай мақсат қойғанына қарап білесің» - дейді. Олай болса, әрдайым осындай биік мақсатқа қол жеткізуге ұмтылатын біздей жастары бар Еліміздің әлі талай асуды бағындыратына кәміл сенім білдіреміз!

Қанатты барыстай көсіле көкке өрлеген Қазақстанның мерейі үстем болып, гүлдене берсін! Еліміздің жастары бұл жолда жастық жалыны мен күш-жігерін аяп қалмақ емес.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жастар ұйымдары комитеті