Газета "Қазақ әдебиеті"

27.05.2011

Просмотров: 2748

«Жез қоңырау» жарыққа шықты

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіндегі әйгілі М.Әуезов атындағы оқу залында тұңғыш рет жарық көріп отырған студент жастардың тырнақалды көркем шығармаларының «Жез қоңырау» атты студенттер жинағы 2 томдық болып оқырман қолына тиді.

Бұл шығармашылық жоба университет ректоры, академик, әдебиет пен өнердің үлкен жанашыры Ғалымқайыр Мұтановтың жастарға деген қамқорлығын көрсететін және ректордың тікелей қаржылық қолдауымен жүзеге асқан игілікті шара.

Университеттің барлық факультеттерінде білім алып жатқан ең дарынды студенттерінің таңдамалы туындыларын біріктірген осынау жинақ – жастардың қаламын ұштап, әдебиеттің үлкен әлеміне қадам басуына жол ашады. Кітапқа енген шығармалардың дені өткен жылы студенттердің «Жыр мүшәйрасында» жүлделі орын алған туындылар.ы. Қос томдықтың тұсаукесеріне Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан, «Қазақ энциклопедиясының» президенті Бауыржан Жақып қатысып, жас дарындарға сәттілік тіледі. Қарашаңырақ ҚазҰУ-дегі осынау дәстүр енді жыл сайын жалғасын табатын болады.