"Айқын" Республиканская общественно-политическая газета

25.05.2011

Просмотров: 2171

ҚазҰУ түлектерін шақырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихында тұңғыш рет жалпыуниверситеттік деңгейде Түлектер күні аталып өтпек. Дәстүрге айналғалы тұрған бұл шара мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады. Бұл мереке ҚазҰУ түлектері қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Биыл «ҚазҰУ түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісі – 28 мамырға сәйкес келеді.

125 мыңнан астам жасты қанаттандырып, білікті маманға айнадлырған ҚазҰУ қандай құрметке де лайық. Мереке күні қарашаңырақтың әр жылғы түлектері студенттік карпуста бас қосып, төл университеттерімен қауышады.Той әл-Фараби ескерткішіне және Ө.А.Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталмақ. Бұл күні университет түлектері мен киелі білім ордасының қонақтарына арналып Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында мерекеннің салтанатты ашылуы өтіп, концерттік қойылымда ұсынылады.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының басқаруымен шара барысында ҚазҰУ түлектері қауымдастығының тыныс-тіршілігі баяндалып, үздік түлектер марапатталады. Сондай-ақ, бұл күні Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрі көшбасшы университет түлектерінің қуанышымен бөлісіп, өз өнерлерінен шашу шашпақ. Түлектер қарашаңырақтың 75 жылдығына орай ашылған ҚазҰУ-дың мұражайымен де таныса алады.

Отандық білім және ғылым кеңістігінде алғаш рет аталғалы отырған «ҚазҰУтүлектер күні» кешке ҚазҰУ қалашығының Бас алаңында өтетін «Түлектер балымен» қорытыланады.