"Алаш айнасы" Республиканская ежедневная республиканская новостная газета

24.05.2011

Просмотров: 2103

Ұлттық университет түлектерінің күні белгіленді

Биылдан бастан жыл сайын «ҚазҰУ түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісінде тойланатын болды. ҚазҰУ түлектері қауымдастығы мен университеттің Ғылыми кеңесі осындай шешім шығарды. Биыл ҚазҰУ түлектері күні мамыр айының 28-іне мамырға сәйкес келеді.

Дәл осы күніқарашаңырақтың әр жылғы түлектері студенттік кампуста бас қосып, сүйікті оқу орнының ұжымымен қауыша алады. ҚазҰУ түлектерінің күні ҚазҰУ қалашығында әл-Фараби ескерткішіне және Ө.А.Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында мереке салтанатты жағдайда ашылады. Биылғы мереке үшін Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрі өз шығармаларын тарту етпек.

Түлектер күні ҚазҰУ-дың мұражайын тамашалауға мүмкіндік бар. Мереке ҚазҰУ қалашығының бас алаңында өтетін «Түлектер балымен» қорытындыланады. Ұлттық университетте білім алған болсаңыз, мамырдың 28-і күні кездесуге келіңіз.

Ақжол ЕШМАТ