«Жас қазақ» ұлттық апталық

20.05.2011

Просмотров: 2093

«Шпорға» жол жоқ

Алматыдағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдында «Шпорға қарсылық» акциясы өтті. Бұл шара студенттерді емтихан тапсыру барысында «шпаргалка» қолданбауға шақырады. ҚазҰУ студенттерінің пайымдауынша, «шпаргалка» қолдану, студенттің өзін-өзі алдаумен пара-пар екен.

Ал «алдау» арқылы мтихан тапсыру – бәсекеге қабілетті маман даярлауға кері әсер етпек. Студенттердің акцияны сессия уақытында өткізуі тегін болмаса керек. 1500-ден аса студент қатысқан «Шпорға қарсылық» акциясы барысында белсенділер «шпаргалкадан» бас тартып, жемқорлыққа жол бермеуге үндеді. Олар «Таза сессия» ұранын көтеріп, парақорлықтан сақтануға шақырды.