"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

18.04.2011

Просмотров: 2232

Апат аймағындағы мектеп бітірушілерге арнайы ҰБТ жеңілдіктерін қарастыру қажет пе?

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы

Иә

Қазақстандағы ҰБТ-ның қа­­­лып­тасқан өзіндік тәртібі бар ғой. Ол тәртіпті бірден та­бан астында өз­гертіп, бекіту оңай емес. Бірақ ҰБТ өткізілген мерзімде апат ай­ма­ғынан кел­ген балаларға ай­рықша ма­те­риал­дық-техникалық жағ­дай жа­сау керек. Өткізетін ор­ны, мек­теп, мерзім, әлеуметтік жағ­­дай: тамақтануы, жататын ор­­ны, көлігі қаралу керек.

Апат ай­ма­ғында ұзақ мерзім са­бақ бол­ма­уынан, оқушы­лар­дың ҰБТ-ға да­йындалуға уа­қыты болмай қа­луы мүмкін. ҰБТ жақындаған са­йын мектеп оқушыларының пси­хо­логиясы мектеп деңгейінде тес­ті­леу бай­қаулары өтіп, жаттығады ғой.

Жаңағыдай себептерден ке­йін жаттығу мүм­кіндіктерінен айы­­ры­лып қалуы мүм­кін. Осының барлығын ескеріп, Білім жә­не ғылым министрлігі мен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы апат айма­ғындағы мек­теп түлектеріне айрықша жағдай жасауы керек. Жергілікті билік органдары ауыл­дық, қалалық, облыстық әкім­ші­ліктермен бі­рігіп, жоғары деңгейде шешуі ке­рек. Мүм­кіндігінше қолдау қажет. Әйт­песе кей бала ҰБТ-ға қатыса алмай қалуы мүм­кін. Қатысқан күнде де материалдық, та­биғи кедергілердің әсерінен ертең тө­мен балл алып қалуы мүмкін. Әрине, Пар­ламенттен жеңілдікке қатысты заңды бір-екі айдың ішінде өткізбейді ғой. Әйтсе де Білім және ғылым министрлігінің құзырында қандай мүмкіндік бар, сол аяда үлкен көмек жа­салса. Мүмкіндік болса, балл қосу жа­ғын да қарастыру керек. Түлектер та­биғи апаттың зардабын шекпеуі керек. Үкі­мет тарапынан барлық жағдай жаса­лып жатқан тұста бұлардың да мұң-мұқ­тажы ескерілуі керек. Себебі ҰБТ-ның жаңа ере­жесі шығып жатыр, балдық деңгейі кө­терілді. Қазақстан бойынша екі олим­пиа­да бар, бірі – пәндік, екіншісі – әл-Фа­раби атын­дағы олимпиада. Жақында ғана біздің университетте өткен әл-Фа­раби олим­пиа­дасының қорытынды жиы­ны өтті. Қа­зақстан бойынша 40-қа жуық бала же­ңім­паз куәлігін алды. Бұлар енді оқу­ға тү­сіп тұр, тек ҰБТ-дан 50 балдан жо­ғары балл алса болды. Бәлкім, сол апат ай­ма­ғын­дағы балалар арасында осы олим­пиа­даға қатысқан балалар болуы да мүм­кін. Он­да олар оқуға түсіп тұр.