"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

17.03.2011

Просмотров: 2432

«Мұзбалақ» жас ақындар клубының ұйымдастыруымен жуырда ҚазҰУ-дің журналис­тика факультетінде есімі елге танымал ақындар Аманхан Әлімұлы мен Бауыржан Қарабек­пен кездесу кеші өтті.

«Қозғалды көкірегімнен өлең көші...» атты поэзия кешінде ақындар өлең оқып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Студент шақтағы қызықты окиғалары мен поэзия жайлы тұщымды әңгімелер айтты. Аманхан Әлім: «Менің сендерден артық­шы­лығым әрі бір бақытым алдағы ағала­рым­мен жақын араласқаным» дей келе, Тоқаш Бердияров, Қуандық Шаңғытбаев, Тәкен Әлімқұловтың ғибратты ғұмырлары жайлы естеліктер айтты. Бауыржан Қара­бек инженер мамандығын алса да, ақын­ның ақын болып туатынын өлеңдерімен оқырман қауымға дәлелдеді. «Ыңғайға жығылу, үндемей қоя салу Аманханға мүл­де жат. Өлең үшін кіммен болса да жаға жыртысуға дейін барады. Ұлт пен өлең – ол үшін бөлек бір әлем» деп Есенғали Рау­шанов айтқандай, ақын ағамыз өлеңге адал­дық тұрғысында мазмұнды, мағыналы дүниелерді қаузады. Ағалар ақын боламын деген жастардың үміт-шырағын жандыр­ғандай болды.

Бауыржан Әліқожа