Наурыз айының 11 жұлдызында "Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика" кафедрасы №14 жатақханада кафедра күніне арналған "Жұлдызды сағат" кеші өткізілді

16.03.2011

Просмотров: 1389

Кеште студенттер кафедраның профессор-оқытушыларымен пікір алмасу арқылы білім, ғылым, тәрбие т.б. мәселелер бойынша біраз мағлұматтар алып, өздерінің ойларында жүрген сұрақтары бойынша жауаптар алды.



"Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика" пәнін оқыған студенттер арасында пәндік сайыс өтілді. Сайысқа 2 курс "Ақпаратық жүйелер" және 3 курс "Математика", "Механика", "Информатика", "Математикалық компьютерлік пішіндеу", "Ақпараттық жүйелер" мамандықтарының студенттері қатысып, білімділіктерін көрсетті. Сайыста "Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика" пәнін жетік меңгергенін көрсете білген "Ақпарттық жүйелер" мамандығының 2 курс студентті Өмірбеков Нұрсұлтан мақтау қағазымен марапатталды.