"Заң" республикалық күнделікті газет

10.03.2011

Просмотров: 3295

Елімізде әскери қызмет ат­қарудың тәртібі Конституция­да, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңда, Қарулы Күштердің арнайы жар­ғыларында, басқа да норма­тив­тік-құқықтық актілерде көз­дел­ген. Тіпті, Қылмыстық ко­декс­тің Ерекше бөлімінің 16-та­рауы әскери қылмыстарға ар­налған.
Әскерге шақыруға байланысты не келісімшарт бойынша еліміз Қарулы Күштерінде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда әскери қызмет ат­қаратын әскери қызмет­ші­лердің, сондай-ақ, запастағы азамат­тардың жиындардан өт­уі кезінде әскери қызмет ат­қару­дың белгіленген тәрті­біне қарсы қылмыстарды жаса­уы әскери қылмыс деп сана­лады. Қылмыстық кодекс­тің 366-бабында әскери қыл­мыс­тың заң­дылық ұғымы нақ­ты көр­сетілген. Соған орай, Қарулы Күш­терде, бас­қа да әскерлер мен әскери құры­лым­дарда әскери қызмет ат­қарудың белгіленген тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар қылмыстық топтық объектісі болып табылады.
Егер қылмыс әскери қы­змет­ті өтеу кезінде орын алып, қыл­мыстық жауап­тылыққа тар­тудың ескіру мерзімдері өтпеген болса, ол қылмысы үшін қызметі аяқ­талған соң да қылмыстық жауапқа тартылады.
Әскерге, келісімшартқа бай­ланысты әскери қызметке, әс­кери жиындарға шақырудың және өтудің, әскери қызметтен босатудың, жиындарды аяқтау­дың тәртібі заңдармен, Елбасы­ның Жарлығымен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

1998 жылдың 24 наурызында қабылданған «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заң­ның 6-бабының 2-тармағы та­лаптарына сәйкес, әскери қыз­метті өткеру мен соған бай­ла­нысты өзге де мәселелерді рет­тейтін заң нормалары ара­сында қарама-қайшылық ту­ын­даған шақта, кейінгі қа­был­дан­ған заңның нормалары қол­да­нылады. (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Жоғарғы Соты­ның «Әс­кери қылмыстар жөнін­дегі істер бо­йын­ша сот тәжі­рибесі туралы» 2005 жыл­дың 28 қа­занындағы №6 нормативтік қау­лысының 3-тармағы.)
Әскери қылмыстар тіке-­ л­ей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, бағы­ныштылық тәртібіне, әс­кери қызметшілердің жар­ғы­лық ере­желеріне сай, қарым-қаты­на­сына қол сұға­тын қыл­мыс­тар: бұйрыққа бағын­бау, оны орын­дамау (367-бап). Бас­тық­қа қарсылық көрсе­ту немесе қызметтік міндеттерді бұзуға мәжбүрлеу (368-бап). Бас­тық­қа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап). Бір-бірі­нің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қыз­мет­шілердің ара­сындағы өзара қарым-қаты­нас­тардың жар­ғылық ережелерін бұзу (370-бап). Әскери қыз­метшіге тіл тигізу (371-бап).
Әскери қызметті өтеу тәр­ті­біне қарсы бағытталған қыл­мыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап). Қаш­қындық (373-бап). Дене мүше­сіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (374-бап).
Әскери кезекшілік және бас­қа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар: жауынгерлік кезекшілікті ат­қарудың ережелерін бұзу (375-бап). Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу (376-бап). Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап). Ішкі қызмет атқарудың және гар­низонда патруль болудың жар­ғылық ережелерін бұзу (378-бап). Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (379-бап).
Қару-жарақ, заттар мен әс­кери мүліктерді, техниканы пай­далану, оны сақтаудың ереже­леріне қарсы қылмыстар: әскери мүлікті қасақана құр­ту немесе бүлдіру (387-бап). Әскери мүлікті абайсыз­да құр­ту немесе бүлдіру (388-бап). Әскери мүлікті жоғалту (389-бап). Машиналарды жүр­гізу немесе пайдалану ере­желерін бұзу (391-бап). Ай­наладағыларға қауіп туғы­затын қару-жарақты, сондай-ақ, заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-бап). Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (392-бап). Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап).
Белгіленген тәртіп пен әс­кери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар: әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (386-бап).
Әскери лауазымды қылмыс­тар: билікті теріс пайдалану, билік­тің асыра қолданылуы неме­се әрекетсіздігі (380-бап). Қыз­метке селқос қарау (381-бап).
Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда әс­кери қызметті атқару тәртібіне қарсы қылмыстар: құрып бара жатқан әскери кемені тас­тап кету (382-бап). Жауға соғыс жүргізу құрал­дарын беру немесе тастап кету (383-бап). Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап). Тонаушылық (385-бап).
Қылмыстық іс жүргізуші ор­ган Қылмыс­тық кодекстің 16-тарауының бірқатар бап­та­рының диспозициясы бланкет­тік (сілтемелік) болып келетінін ескеріп, әрбір нақты жағдайдағы әскери қылмыстар үшін адамды жауап­қа тартқанда әскери қызметті өтеудің жалпы тәртібіне, сондай-ақ, тәуліктік наряд қызметін атқаруға, қара­уылға, мемлекет­тік шекара­ны күзетуге қатысты нарядқа, жауынгерлік кезек­шілікке және әскери жар­ғы­ларда, өзге де нор­мативтік құ­қық­тық актілерде көзделген қоғам­дық тәртіпті қорғауға бай­ла­нысты нарядтың әскерлер құрамына қатысты бұзылған ережелер мазмұнын анықтауы қажет (Жоғарғы Сот­тың аталған қаулысының 4-тармағы).

Арықбай АҒЫБАЕВ,
заң ғылымдарының
докторы,
ҚазҰУ-дың профессоры