"Егемен Қазақстан" Жалпыұлттық республикалық газет

02.03.2011

Просмотров: 3266

Енді Алматыдағы Әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ қала­шы­ғына жолыңыз түсе қалса, көр­некті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан­дағы роботтар механикасы, ме­­ханизмдер мен машиналар тео­риясы мектебінің негізін қалау­шы, академик Өмірбек Арыс­ланұлы Жолдасбековтің еңселі ескерткішін көретін боласыз.

Ел азаматына лайықты ес­керт­кіштің салтанатты ашылу­ы­на Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, Алматы қаласы әкі­мінің орынбасары С.Сейдуманов, Әл-Фараби ат­ын­дағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, Парламент де­­пу­таттары, ғылыми қоғам өкіл­­дері, Ө.Жолдасбековтің туыста­ры мен Ресей, Италия, Германия, Украина, Белоруссия, Әзірбай­жан, Өзбекстан, Қырғызстан елде­рінен келген әріптестері қатысты.

Тағылымды бастамаға мұ­рын­дық болып жүрген министр Ба­қытжан Жұмағұлов Жолдасбеков туралы тамаша естелікпен ескерткішті салтанатты түрде ашты.

Өмірден өзі өтсе де, атқарған бар тірлігі бұған дейін де, мұнан кейін де ел игілігіне айнала берер академиктің 80 жылдығына арналған ескерткіші өзі негізін қалаған Студенттер қалашығын­да орнатылғаны құптарлық іс болды. Бұл бір жағынан кейінгі ұрпақ пен академик шәкіртте­рінің оған деген құрметі десек те болады. Ескерткішті тұрғызу ту­ралы шешім Мәдениет министр­лігі жанындағы Ескерткіш және монумент орнату мемлекеттік ко­миссиясында өткен жылдың 3 қарашасында қабылданған екен.

Биіктігі 2 метр, ені 1,3 метр, тұғыр іргетасы 5 метрден асатын ескерткішті талантты мүсінші Кә­дірхан Кәкімов отандық граниттен сомдаған. Мүсінші Кәкі­мов­тің Аты­раудағы «Сұлтан Бей­ба­рыс», Тараздағы «Ғашықтар» ес­керт­кі­ші­нің авторы екендігін де, бұл ескерткіштерінің Өмірбек Ар­ыс­ланұлының шәкірттерінің, әр­іп­тес­­тері мен ҚазҰУ түлекте­рінің қар­жылай демеушілігімен тұрғы­зыл­­ғанын да айта кеткен жөн.

Жолдасбеков сынды жараты­лысы бөлек жанның 80 жылдығы ескерткіш орнатылумен аяқтала қойған жоқ. Бұл күндері бірінші халықаралық Жолдасбеков сим­по­зиумы аясында Әл-Фараби ат­ындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінде республикалық «Да­рын» ғы­лыми-зерттеу орталығы­мен бірлесе отырып, механика-математика саласы бойынша оқу­­шылардың зерт­теу жұмыста­ры­ның халық­ара­лық байқауы өтуде. Өмірбек Жолдасбеков атындағы байқауға Ресей, Болгария, Қыр­ғызстан жә­не Тәжікстан елдерінде өткен ұлт­тық ғылыми жоба жеңімпаздары мен Қазақ­стан­да­ғы І, ІІ және ІІІ дең­гейлі орта мектеп жеңімпаз­да­ры қатысуда. Анықтап айтсақ, білім сайы­сын­да 105 оқушы зерттеу жұ­мыс­та­ры арқылы бәсекеге түсуде.

Сондай-ақ кеше, бірінші ха­лық­аралық Жолдасбеков симпо­зиу­мы аясында университеттің физика факультетінің заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа оқу ғимараты да салтанатты түрде ашылды.

Сонымен Өмірбек Жолдасбековті мәңгілік есте қалдыруды көздеген шаралар легі кешенді әрі тағылымды сипатқа ие болып отыр. Екі күнге созылатын атал­мыш халықаралық симпозиум аясында Ө.Жолдасбековтің ғы­лы­ми еңбектері мен таңдамалы шы­ғармаларының көрмесі де өтуде.

Айнаш ЕСАЛИ.

Алматы.