"Казинформ" национальное информационное агенство

22.02.2011

Просмотров: 2284

«Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі нұсқасының таныстырылымы болды

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті аппаратының жетекшісі Қайрат Жүсіпов халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттерінқазақтың танымал жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі аудармасымен таныстырды.

Тәржіма қытайлық аудармашылар Ха-Бай мен Гао Сун-Фань тарапынан орындалып, көркем безендірілген қалың мұқабалы кітап түрінде Бейжіңде Қазақстанның танымал мемлекеттік қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановтың көмегімен басылып шыққан.Қ. Жүсіпов аталмыш аударманың ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталды.

Факультеттің оқытушысы тарих ғылымдарының докторы, профессор қытайтанушы Мұхаметхан Нәбижан аударманың тарихы, Қытай Халық Республикасындағы әдеби аударма ісінің дамуы жайлы құнды мәліметтерден хабардар етті. Қазіргі шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ. Алжанбаева мен аталмыш кафедраның оқытушылары «Абай жолы» романының қазақ өмірінің философиясы мен энциклопедиясы екендігін айтты.

Сонымен қатар таныстырылым барысында қазіргі жастардың тәрбиесі, көркем әдебиеттің тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығы туралы сөз қозғалды.