"Казинформ" национальное информационное агенство

16.02.2011

Просмотров: 2142

16.02.2011 / 14:27

Біздің қоғамның рухы заманауи Қазақстаннның ұлттық идеясымен тығыз байланысты

АЛМАТЫ. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазіргі заман жастарына патриоттық тәрбие беру, рухани-адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру, азаматтық көзқараста тәрбиелеу мемлекеттік маңызға ие.

Бұл туралы бүгін Алматыда Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген «интеллектуалды ұлт» қалыптастыруда білім және ғылым саласын дамыту жолдарын талқылауға арналған «Қазіргі заман жастарына рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру: тәжірибе, мазмұн, даму болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов айтты.

Аталмыш шарының ұйымдастырушылары - ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі мен Алматы қаласы Ардагерлер кеңесі және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Конференция жұмысына Алматы қаласы әкімшілігінің, Алматы қаласы Ардагерлер кенесінің, ЖОО-лар мен орта мектеп өкілдері қатысты.

Конференция барысында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы әлеуметтік модернизацияға, адам капиталының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасауға арналумен ерекшеленеді. Жолдауда қойылған ең басты міндетті орындай отырып - сапалы маман даярлауда біз қоғам алдында рухани-адамгершілікке бай толық тұлғаның қалыптасуына жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек. Елімізге ел экономикасын жоғары деңгейге дамытатын, білімді кәсіби тұлғалар, өнегелі, өз елі мен мәдениетін сүйетін патриот жастар қажет», - деп атап өтті.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың айтуынша, біздің қоғамның рухы заманауи Қазақстанның ұлттық идеясымен тығыз байланысты. «Еліміз тәуелсіздіктің 20 жылдығына аяқ басты. Осы жылдар аралығында халықпен даңқты жолдар жасалды, ел сенімді және қарқынды дамыды. Жас буын еліміздің жеткен осы жетістіктерін бағалап, оның маңыздылығын түсінулері қажет және отан үшін аянбай еңбек етуге талпынулары керек»,-деді ол.

Конференция барысында қатысушылар педагогтарға, мемлекеттік және қоғамдық институттардың өкілдеріне, ата-аналарға жастар бойындағы патриоттық сезімді тәрбиелеу ісіне атсалуға шақырды.