"Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет

03.02.2011

Просмотров: 2304

Қарашаңырақ ҚазҰУ-дың оқытушы-про­фес­сорлар құ­рамы мен белсенді студенттері Елба­сының Жолдауын тал­қылап, өз көзқарастарымен бөліскен бо­ла­тын. Негізінде Жолдаудың әлеу­меттік жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Білім беру, ден­саулық сақтау, тілдерді дамыту, ІЖӨ, таза ауыз сумен қам­та­масыз ету және т.б. мәсе­ле­лер­дің шешім табуы әр қазақ­стандық үшін аса маңызды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рек­то­ры Ғалымқайыр Мұтанов Ел­ба­сының жоо-ға қойған басты та­лап­тарын алға тартты. Жолдау негізінде екі университет дүние жүзі бойынша үздік жоо рей­тингі­нің құрамына кіруі керек. жоо-ның 5 пайызы ин­новациялық қыз­метті атқара оты­рып, өнді­ріс­ке ғылыми жаңа­лық­тарды енгізсе, 30 пайызы халық­аралық стан­дарттарға сай аккредитациядан өтуі тиіс. «Біз бар білгенімізді жинақтай отырып, Елбасы Жол­дауында қойыл­ған талаптарға жауап беруге тыры­са­мыз», деді ректор өзінің сөзінде.

Ғылыми зерттеулердің нәти­желе­рі мемлекеттің экономикалық жағ­дайын қалыптастырып, сұра­ныстар бойынша өндірісте қол­данылуы тиіс және қоғам үшін пайдалы болғаны жөн. Ал сапалы білім беру жүйесі Қазақстанның индустриялық және инновация­лық саласын дамытушы құрал ретінде әрдайым алда жүруі керек, деді қатысушылар.

Жолдауға қолдау көрсету мақ­сатында университеттің барлық факультеттері мен кафедра­ларын­да студенттер мен оқытушылар арасында белсенді түрде талқылау өтіп жатыр.

Айнаш ЕСАЛИ.