Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына байланысты "Ең бірінші бақытым-халқым менің" атты әдеби-музыкалық кеш өтті

01.02.2011

Просмотров: 1506

29 қаңтар 2011 жылы механика-математика факультетінде "математика" кафедраларының және аға куратор-эдвайзер Сүлейменова Зоя Ізтелеу қызының ұйымдастыруымен ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына байланысты "Ең бірінші бақытым-халқым менің" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешке Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, белгілі ақын Оразақын Асқар және Ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев пен келіні Бақыткүл, Қазақстан телерадио корпорациясының "Қайырлы таң, Қазақ елі!" таңғы бағдарламасының бас редакторы Бақыт Жағыпар ұлы қатысып, ақынның өмірі мен творчествосы туралы кең ауқымды мәліметтер айтты. Кеште ақынның жырлары, әндері шырқалды. Сонымен қатар студенттер ақынның "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан үзінді қойды. Мақатаевтың жолын қуған жас студент ақындар өз шығармаларымен бөлісті. Университетіміздің кітапханасының көпшілікпен жұмыс жүргізу секторының меңгерушісі Молдыбаева Назипа ақын еңбектерінен залда көрме жасады.