«Ислам және ғылым»

30.11.2010

Просмотров: 1318

2010 жылдың 29 қарашасында механика-математика факультетінде «математика» кафедраларының ұйымдастыруымен «Ислам және ғылым» тақырыбында пікір алмасу кеші өткізілді. Кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің бас маманы Алтынбек Ұтысханұлы келіп, студенттерге уағыз айтты. Исламдағы ғылымның ролін айта келе нақты құраннан, хадистерден мысалдар келтірді. Студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар студенттер де баяндамалар жасады.

Баяндамалар:

1. Қайыңбаева Жадыра 3 курс «12 данышпанның бірі»

2. Молдабаева Нуриля 1 курс «Ғарыштың кеңеюі»

3. Өмірбеков Марат 3 курс «Ара ұясындағы математикалық сыр»

4. Сақаева Перизат 3 курс «Білімнің артықшылығы және ілім иелері»

5. Ысқақов Әліби 3 курс «Гүл, қар және көбелек»

6. Ахметқали Абылай 1 курс «Әр буынға бір садақа».