ҚазҰУ студенттері «Ана тілі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

15.11.2010

Просмотров: 2866

Қазақстан РеспубликасыБілім жәнеғылым министрлігі және «Қазақ газеттері» ЖШС-ның ұйымдастыруымен жас ұрпақтың ортасында ұлттық тілімізді және мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау мақсатында 2010 жылғы 11-13 қараша аралығында Көкшетау қаласында Республикалық «Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұлтаны» байқауы өтті.

Байқауда Республикамыздың 37 жоғары оқу орнының арулары мен сұлтандары өз бақтарын сынады.

Университетіміздің намысын қорғап, тілдің рухын көтеріп, ана тіліміздің керемет көркемдік ерекшелігін насихаттаған, аламан бәйгеде бас жүлдеге ие болған филология факультетінің І курс студенті Әшірәлі Әйгерім мен «Ана тілі» сұлтаны» байқауында І орынға ие болған химия факультетінің 3-курс студенті Бұрханбеков Қайратты және ҚазҰУ атынан барған барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлт намысын қорғайтын жастарымыздың болашағы жарқын болып, ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, туған тіліміздің тұғыры әрдайым биікте болсын!

Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент