17-қараша – Халықаралық студенттер күні қарсаңында бірінші курс студенттері арасында қазанның 4-нен бастап 1 ай көлемінде өткен «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалінің марапаттау салтанаты өткізілмек

12.11.2010

Просмотров: 2985

Білім мен ғылымның қарашаңырағы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерге шынайы өнер арқылы тәрбие беруді негізге айналдырған. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университет көлемінде бірінші курс студенттері арасында «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өткізілуде. Фестивальдің бірінші кезеңі 1400-ден аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, қазіргі таңда екінші кезеңге жолдама алған 500-ге жуық студент бақтарын сынауда. Фестивальдің марапаттау рәсімі мен гала-концерті Студенттер сарайының үлкен сахнасында 17-қараша күні өткізілгелі отыр. Фестивальдің мақсаты – жігер оты жалыңдап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбей, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру, рухани әлемін байыту. Биылғы жылы университетімізге келіп түскен студенттер өздерінің шын мәнінде элиталық гвардия екендерін іс жүзінде дәлелдеуде. Бүгінгі күні фестивальге қатысып жатқан көркемөнерпаздардың саны мен сапасы көңілге қуаныш ұялатады. Өнердің шыңынан көріне бер Жалынды Жас!

Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті