Алматы қалалық ақындар айтысы өтті

12.11.2010

Просмотров: 3152

Тәуелсіздік мерекесінің алдында өткізіліп жатқан ауқымды шаралардың бірі – «Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» атты қалалық ақындар айтысы болды. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің қызметкері Рүстем Қайыртайұлы айтыстың бас жүлдесін иемденді. Аймақтық сыннан суырылып шыққандар Елордада бақ сынамақ. Алматы қаласының намысын ҚазҰУ түлегі, студенттер клубының қызметкері Рүстем Қайыртайұлы қорғайтын болды. Рүстемге алдағы ақтық сайыста «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп Абай ақын айтқандай, жеңіспен оралады деп сенеміз.

Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті.