№14 жатақханада өткен «Күзгі балл» - 2010

05.11.2010

Просмотров: 2172

3.11.10 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің 14 жатақханасында студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен «Күзгі балл» атты тамаша сайыс өтті. Сайысқа Механика-Математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1курс студенттері Орын Ербол, Құралов Сүндет, Нысанбаева Эльмира, және «МКМ» мамандығының 1курс студенттері Төлегенов Олжас, Мұқанова Мақпал, Рысдәулет Амалдық, Төлегенқызы Әсел қатысты. Студенттеріміз өздерін «Сегіз қырлы, бір сырлы» екенін дәлелдеді. Бәрінен де барша жұртты таңдандырған 2 курс студенті Оспан Әсел болды. Әсел скрипка тартудың хас шебері екен. Кешімізді факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Давлетова Сәуле Анерқызы бастаған топ әділ бағаларын берді. Сайыста «Бас жүлдені» қанжығасына байлаған жұбымыз Құралов Сүндет, Нысанбаева Эльмира болды. Ал сайысымыздың «Күз ханшайымы» мен «Күз ханзадасы» Төлегенқызы Әсел мен Орын Ербол атанды.

Сайыс соңында Давлетова Сәуле Анерқызы мен Студенттер кеңесінің төрағасы Сәдуақасов Самат құттықтау сөзімен аяқтады. Кеш соңы көңілді би кешімен жалғасты.

«Арық айтып, семіз шық» дегендей, біздің студенттеріміз өздерінің алар асуы әлі алда екенін көрсетті...