«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

15.10.2010

Просмотров: 3130

Былтырғы жылы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына орай студенттердің «Селтеткізер» деп аталатын шығармалар жинағы шыққан болатын. «Ұйқыашар» соның жалғасы ретінде басылып отыр. Оған студенттердің іріктеліп алынған үздік прозалық және поэзиялық шығармалары жинақталған.

«Айдындағы аруыма» кітабы талантты тележүргізуші, журналист Руслан Бөлебайға арналған естеліктер жинағы. Құрастырушы, қарындасы Айнұр Бөлебай. Бұл кітаптың жарыққа шығуына Айнұр көп еңбек етті. Барлық материалдарды жинаған да өзі. Ал кітаптың атын қоюға келгенде, маған өтініш білдірді. «Айдындағы аруыма» деп алған себебім, бұл әнді Руслан өзі орындайтын», дейді аталмыш кітаптардың жарық көріне жетекшілік жасаған «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы Дәрмен Смайыл.