«Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газеті

06.10.2010

Просмотров: 3335

Тіл үйрету мәселесінде адамның жан дүниесін байы­татын, рухани тәрбие беретін мәдени-көпшілік іс-шаралардың маңызы зор. Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі республикада тұра­тын барша ұлт өкілдерінің ана тіліне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық мәде­ниетіне құрмет көрсетілетін ортақ мереке ретінде ресми түрде атап өтіледі.

Аталған мерекеге орай әл-Фараби атын­­дағы Қазақ ұлттық университетінде Тіл фес­ти­валін, Тіл апталығын және мере­келік іс-шара ұйымдастыру дәстүрге айналған. Университеттегі «Туған тілім – тірегім» фес­тивалі барысында әр факуль­теттің студенттері Қазақстанда тұратын түрлі ұлттың өкілдері аты­нан сөз сөйлеп, сол ұлттың биін билеп, салт-дәс­түрін паш етті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­тетінде тілдерді қолдану мен дамыту­дың бағдар­ламасына сәйкес жүргізіледі. Аталған бағдарла­мадағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында уни­верситетте тілдерді дамыту бөлімі жұмыс істейді. Оның бір дәлелі ретінде универси­тетіміздің оқытушы-профессорлар құра­мы Мемлекеттік тіл стан­дартын әзірледі. Стандарт жобасы қазіргі таңда екінші тілді үйренушілерге арналған стандарттарға қойылатын талаптарға сәйкес коммуника­тивтік-тілдік құзыреттілік мазмұн­да дайын­далды. Соны­мен қатар студенттердің тілдік ортасын қа­лып­тастыру мақсатында тілді үйренуге машық­танатын «Ағылшын» клу­бы, «Фран­цуз» клубы, «Ре­сей» клубтары жұ­мыс істейді. Шетелдік студенттерге арналған «Қазақ тілі» клубы жұмыс істейді, тыңдар­мандарға атал­ған саланың білікті маман ұстаздары дәріс береді. Оқыту үдерісі ақпараттық техноло­гиялармен то­лық жабдықталған. Алдағы уақытта тілді оқыту үдерісіне қашықтықтан оқыту бағ­дар­ламасын енгізу жоспарланып отыр.

Назым ТӨЛЕЕВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тілдерді дамыту бөлімінің бастығы