«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

28.09.2010

Просмотров: 3001

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология факультетінде М.Әуезовтің туған күніне орай дәстүрлі «М.Әуезов және әлем әдебиеті» атты Халықаралық ғылыми-теориялықконференция өтті. Оны филология факультетінің деканы, профессор Қ.Әбдезұлы кіріспе сөзбен ашты.

Аталмыш конференция жұмысына Т.Кәкішев, қалалық «М.Әуезов қорының» жобалар бойынша менеджері Т.Орлова, С.Демирел атындағы университет докторанты Шабан Айдоға, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Абайтану» ғылыми орталығының жетекші қызметкері Жабал Шойынбет, Нұрболат Жұбанышбеков, ф.ғ.д. З.Бисенғали, Ж.Тілепов, Қ.Мәдібай, Ө.Әбдіманұлы қатысып баяндама жасады.

Пленарлық мәжілістен соң, конференцияға қатысушылар бірнеше секция бойынша жұмыс істеді. М.Әуезов атындағы дәрңсханада өткен конференцияның ең үздіктері жинақ болып басылып шығатын болды. Дәстүрге айналған конференцияның түп қазығы – қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов шығармашылығының әлем әдебиетіндегі орнын бағамдап, шығыс және батыс әдебиетіндегі үлес-салмағын ғылыми негізде саралау, әуезовтанудың көкейтесті мәселелерін анықтау болып табылады.

Рая ЕСКЕНДІР