«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

28.09.2010

Просмотров: 3039

Алматыда «Жастар көзқарасы» атты республикалық жастар форумы өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда қыркүйектің 25-де «Бауыржан» қайырымдылық қоры Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жастар көзқарасы» атты республикалық жастар форумын өткізді.

Аталмыш форум негізгі екі бөліктен тұрды. Алғашқысы, еліміздің көптеген жетістікке қол жеткізген жас саясаткерлері мен кәсіпкерлерінің табыс жолының формуласына арналған дәрістер болса, екіншісі жастардың таңдамалы баяндамаларын тыңдау мен жеңімпаздарды марапаттауға арналды.

Форумның мақсаты - қазіргі жастардың өзекті мәселелері жайында пікір талас өткізіп, талдау жасау. Сонымен қатар жастардың шығармашылығын дамыту, қоғамдық белсенділіктерін арттыра отырып маңызды мәселелерді шешуге тарту дейді ұйымдастырушылар.

Астандан арнайы келген Мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова, «Astana Group» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов, Нұр Отан ХДП, Жас Отан ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов студенттермен сұхбаттасып, жетістікке жету жолдары жайында кеңес беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ шара барысында жастар арасындағы өзекті мәселелер жайында баяндамалар оқылып, жан-жақты талқыланды. Сонымен бірге сапалы баяндама оқып, белсенділік танытқан жастар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Жастар көзқарасы» атты республикалық жастар форумы жастарды көшбасшылыққа жетуде партиоттық сезімді нығайтып, адалдық пен мейірімділік қасиеттерін меңгеруге бағыттайды. Бұл форум арқашанда адамгершілік тұрғысынан ойлап, жақыныңа қол ұшын созу, биік мақсаттарды ойлай білу сияқты жақсы адами қасиеттерді жастар бойына сіңіруімен құнды", дейді ҚазҰУ-дың "Жеті муза" қоғамының жетекшісі Сандуғаш Қартаева.