"Түркістан" халықаралық саяси апталық

23.09.2010

Просмотров: 2789

Үздіктер Ұлттық университетті таңдайды

3200 мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, биылғы жылдың қабылдау науқанының көшбасшысы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткен жұма күні 1-курс студенттерін салтанатты түрде қабылдап алды.

700-ден аса «Алтын белгі», 100-ден аса халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары Ұлттық университетіміздің «элиталы гвардиясын» құрап отыр.

ҚазҰУ-дың ірі жобаларының бірі болып табылатын «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары мен әртүрлі халықаралық және республикалық олимпиада иегерлері және 90 ректор грантының иегері бар. Сонымен қатар осы жылы ҚазҰУ-дың спорт командасының қатары біздің бірінші курстардың ішінен 10 спорт шебері, 22 чемпион мен халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары, машықтанған шеберлермен толықтырылды! ҚазҰУ-дың студенті қатарына қабылданып жатқан бірінші курстарды ректор элиталы гвардия деп атауы да тегін емес. Олар қазақстандық мектеп түлектерінің нағыз көшбасшылары. Бүгінде олар көшбасшы оқу орнының студенті атанып отыр.

Студенттер қауымының элитасын құрап отырған бұл бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау шарасы да жылдағыдан өзгеше бағыт алып отыр. Қазақстандық өзге де жоғары оқу орындары арасында алғаш рет бірінші курстардың тұңғыш студенттік вальсі қолға алынды. Сонымен қатар алғаш рет факультет декандарының бастауымен студенттік қалашықтың орталық алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің шеруі болады. ҚазҰУ-дың студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасына қатысушылар саны 5000-нан асады.

Кештің ең салтанатты сәті элиталы гвардияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов студенттік билет, сынақ кітапшасы мен білім кілтін тапсырып, бірінші курс студенттерін әлемдегі ең берік, ең тапқыр және ең көңілді армияның – ҚазҰУ студенттер армиясының толыққанды мүшесімен атануларымен құттықтауын жеткізеді. Кештің ең салтанатты сәті, әрине үлкен жолдың табалдырығын атаған жастарға студенттік билет пен студент кілтін табсы ету.

Студенттер қатарына қабылданған элиталы гвардияны құттықтау үшін шақырылатын қонақтар құрамында Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов, Бостандық ауданының әкімі З.Ж Аманжолова. ҚазҰУ-дың Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшелері, ҚазҰУ түлектері ассоциациясының төрағалары және БАҚ өкілдері мен ҚазҰУ қызметкерлері келеді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі