«Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

10.09.2010

Просмотров: 2561

Кешеден бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Польшадағы Адам Мицкевич университет өкілдерімен кездесу өтуде. Қонақтардың құрамында Қазақстандағы Польша елшілігінің өкілдер, Шығыстану институтының профессоры Марек Гавенцкий және азиятану кафедрасының профессоры Хенрык Янковский бар. Адам Мицкевич университетінің сапары «Еуропаға жол» Мемлекеттік ынтымақтастық бағдарламасы аясында өтпек. Оның басты мақсаты университеттер арасында ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Сонымен қатар екі білім ордасының қарым-қатынас жасаудағы бағыттарының бірі бойынша ғылыми байланыстар бойынша тәжірибе алмасу шараларын жетілдіру көзделген.

Қазақ Ұлттық университеті 1991 жылдан бастап Адам Мицкевич атындағы университетімен тығыз байланыста, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Адам Мицкевич университеті арасында тарих, этнография, филология, география, геология, биология салаларында ынтымақтастық жөніндегі» келісім шартқа қол қойылған.

Адам Мицкевич университеті - Польшаның алдыңғы қатарлы универсиеті. Ол Познань қаласындағы ең алып оқу орны. Тарихқа жүгінсек, 1611 жылы 28 қазан күні Зигмунд ІІІ-нің кезінде Йезуиттер Коллегиясына Познань қаласының бірінші университет дәрежесін беруге қаулы шығарады. Бірақ, бұл мекемеге ресми статусын бергеннен 308 жыл өткеннен кейін ғана, 1919 жылы 7 мамыр күні Пяст университетінің алғашқы оқу жылы басталды. Тек, 1955 жылы университет өзінің қазіргі атауын алды. Осы университетте есімдері әлемге әйгілі адамдар арасында: Мария Склодовская-Кюри, Вислава Шимборска, Хавьер Солана, Иоанн Павел II сияқты ұлы адамдар оқыған.

Иса Бек