“Қазақстан Zaman” халықаралық қоғамдық-саяси газет

02.09.2010

Просмотров: 2953

Өткен аптада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы ректор грантын 90 балаға табыс етті. Өткен жылғымен салыстырғанда мұндай грант иелері бес есеге артқан.

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылған білімгерлерді құттықтау барысында ректор Бақытжан Жұмағұлов құттықтай отырып: “Биыл 3200 мемлекеттік тегін оқу грантына қоса 90 балаға ректор грантын тапсырып отырмыз. Олардың арасында 64-і “Алтын белгі” иегері, қалғандары халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл талапкерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін жазықты емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп осындай ұйғарым қабылдадық. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөлейік деген ұйғарым қабылдадық”, - дейді.

Болашаққа деген айқын сенімге жолдама алған ректор грант иегерлерінің көңілі марқайып,толқыған шаттықтарымен бөлісіп, кезек-кезек өнерлерін паш етіп, нағыз үздік талапкекрлер екендігін дәлелдеді.

Білім қуған жастарымызға жасалған мұндай қамқаорлық барша игі істердің бастауы болмақ.