“Ана тілі” Ұлт газеті

02.09.2010

Просмотров: 2625

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Биыл ректор грантының иегері былтырғыдан қарағанда бес есе артып, 90 балаға ҚазҰУ ректорының гранты табыс етілді.

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылған білімгерлерді құттықтау барысында ректор Бақытжан Жұмағұлов: “Биыл 3200 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ жетекші білім ордасы ретінде отандық білім кеңістігіне жанашырлық танытып, тағы 90 балаға ректор грантын тапсырып отыр. Олардың арасында 64-і – “Алтын белгі” иегері қалғандары – халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Ерекше мәртебелі белгіге ие болу қабілет пен дарынды қажет ететіндігін ескере отырып, үздік талапкерлерді назардан тыс қалдырғымыз келмеді. Бұл талапкерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін жазықты емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп осындай ұйғарым қабылдадық. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөледі”, - деген пікірін жеткізді.