"Алматы ақшамы" қоғамдық-саяси газет

02.09.2010

Просмотров: 2339

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Ректор грантының иегерлері былтырғыдан қарағанда бес есе артып, биыл олардың саны 90-ға жетті.

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылған білімгерлерді құттықтаған ректор Бақытжан Жұмағұлов “Биыл 3200 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ жетекші білім ордасы ретінде отандық білім кеңістігіне жанашырлық танытып, тағы 90 балаға ректор грантын тапсырып отыр. Олардың арасында 64 “Алтын белгі” иегері қалғандары халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Ерекше мәртебелі белгіге ие болу қабілет пен дарынды қажет ететіндігін ескере отырып, үздік талапкерлерді назардан тыс қалдырғымыз келмеді. Бұл талапкерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін кінәлі емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп осындай ұйғарым қабылдадық. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөледі”, - деді.

Кешегі Үздік оқыған оқушы – бүгін ҚазҰУ студенті. Олар – Қазақстанның болашақ элитасы. Шараға келген қонақтар: “Мектеп ұжымы қанаттандырған сапалы студент – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен сапалы маман болып қанаттанады” деген сеніммен тарасты.

Рая ЕСКЕНДІР