«Жүректен-жүрекке»

Қайырымдылық пен ізгі ниетке арнап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға тебірініске толы сөз айтқан еді: «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз»

 

Осындай мақсатпен 2016 жылдың 1 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бейіндік мектебінің 10 сынып оқушылары «Жанұя» балалар үйіне барып, арнайы қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Сонымен бірге мектеп мұғалімдері мен оқушылары көмек ретінде балаларға киімдер мен ойыншықтар апарылуына үлкен үлес қосты. Әрбірі қайырымдылық қорына кішкентай болса да үлес қосып, сауапты іске мұрынды болды.

Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!

Дата публикации:  10.05.2016