«1 желтоқсан – ҚР тұңғыш президент күніне» арналған мектеп кеңесі

“Біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді сендер лайықты жалғастыруға тиіссіңдер”

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан - байтақ жер, асыл мекен... Асыл мекеніміздің мәртебесін асқақтатып, тұғырын ұстап тұрған Елбасымыз біз үшін ұлы тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз еліміздің, жеріміздің көркеюіне зор үлесін қосқаны бәрімізге анық. Тәуелсіздік алғаннан бері осы күнге дейінгі жеткен жетістігіміз сол кісінің арқасы. Біз алға қойған мақсатымызды мерзімінен бұрын бағындырған, дамыған мемлекеттер қатарынан санаулы жылдарда- ақ орын алған қуатты мемлекет екенімізді әлемге мойындаттық. Деседе, бағындырар белесіміз әлі алда, ол үшін халықтың болашағының ірге тасын құрайтын қазақ жастары  бәсекеге қабілетті болуы керек.

 


 

            «Қазақ хандығына - 550 жыл» арналған көрініс  

сынып оқушысы Т. Сағынғалиевтың орындауында «Көңіл толқыны»

 

Бүгін ұлы мейрам - Тұңғыш Президент күні.

 

«1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» қарсаңында біздің білім ордамызда - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінде, жылдағы дәстүр бойынша, «Мектеп Президентін сайлау» салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Осы мерекемізге арнаулы келген сыйлы қонақтарымыз да болды. Сыйлы қонақтарымыз тарих ғылымының докторы, профессор Б.Б.Кәрібаев мырза және философия және политология факультетінің профессоры С.Ш.Мусатаев мырза келіп, осы айтулы мерекенің тарихына көз жүгіртіп, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Б.Б. Кәрібаев мырза ''...Мен сендерді бүгінгі айтулы мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз, жеріміз тыныш, керегеміз кең болсын!..."-деп өз ықыласын білдірді.

 


 
        философия ғылымының докторы, профессоры С.Ш.Мусатаев                    тарих ғылымының докторы, профессор Б.Б.Кәрібаев

Ал, кешегі қызу өткен жарыс нәтижесімен таныс болайық. Жарыс барысында, біріншіден, үміткерлердің өзін-өзі таныстыра білуі аңғарылса, екіншіден, әрбір үміткер өзінің жеке тұлға екендігін аңғартты. Оқушылардың әр үміткерге дауыс беруі арқылы осы жарыс өз нәтижесін көрсетті.

 

 

Сонымен, 10 сыныптар арасындағы үміткерлер тізімі:

-Тілеужан Абота Ғаниқызы

-Бавдунова Луиза Нутбуллаевна

-Бутембаев Фарид Аббасович

Ақырында, 2015-2016 оқу жылында сайлау кеңесінің қорытындысы белгілі болды.

I.Тілеужан Ақбота Ғаниқызы-50%

II.Бутембаев Фарид Аббасович-31,6%

III.Бавдунова Луиза Нутбуллаевна-18%

Жеңіске жеткен Тілеужан Ақбота Ғаниқызы "Мен, Мектеп Президенті болдым, енді мен мектебімнің барлық ісіне адал болып,сонымен қатар         әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебіне қолымнан келген барлық істі атқарамын"- деп өз уәдесін берді.

Мектеп ұстаздары және оқушылары Ақботаны шын жүректен құттықтай отырып, оған мол табыс тілеп, сенімдерін білдірді.Осы орайда мектеп директоры Алпысбаева Дария Исполовна барша қауымды шын жүректен құттықтап, сайланған Мектеп Президентіне «Ұлықтау рәсіміне» байланысты арнайы төс белгіні тағып құттықтады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектеп директоры Алпысбаева Дария Исполовна жеңімпазға төс белгі тағуда

Құттықтаудан кейін Тілеужан Ақбота сенім білдірген мектеп оқушыларына ыстық ықыласын білдіріп, «Мектеп Президентінің антын» қабылдады.

ЕЛ БАСЫНА АРНАУ

Тұңғыш Президентім, көгіміздің нұрысың,

Бұғаудағы ұлы елге өмір берген күнісің.

Сенің арқаң, сенің арқаң Ел басы,

Тарихи ел қайта келіп,кеңінен алды тынысын.

 

Халқымыздың амандығын ойлаған,

Ел басы боп даңқы көкке самғаған.

Аман болсын, аман болсын елбасы,

Амн болсын халқыңменен артыңдағы ұрпағың.

 

Ризамыз, риза ғой халқы саған,

Барлық елге жайылған біздің атымыз.

"Қазақстан"аты самғар әрқашан,

Көкте тұрар біздің ол даңқымыз.

 Тілеужан Ақбота шығармашылығынан

Дата публикации:  04.12.2015