Выпускница и преподаватель Оксфордского Университета Sue Kay провела семинар «Аутентичность в преподавании английского языка»

07.10.2011

Просмотров: 1985

Бірінші рет қазан айының 6 жұлдызында Қолданбалы Лингвистика және Мәдениетаралық Қарым-қатынастар орталығының базасы шеңберінде Оксфорд Университетінің түлегі және оқытушысы, «Macmillan» баспасынан шыққан көпшілікке белгілі оқу кітабы «Inside Out» кітаптары сериясының авторы Сью Кей «New Inside Out» семинарын өткізді. Бұл шара қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық қарым-қатынас орталығы, ХҚФ және МACMILLAN әдебиет баспасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Семинардың мақсаты қазіргі кездегі ағылшын тілін оқытудың жаңа технологияларын және «New Inside Out» авторлық курс жоспарының негізімен бірге коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру мониторингін ұсыну.

Алматының көптеген түрлі жоғары оқу орындарынан 60-тан астам мұғалім ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты. Бұл оқу құралымен жоғарғы оқу орындарының түрлі мамандық студентері маманданады. Курс ағылшын тілін оқытудың теориясы мен әдістемесінің соңғы жетістіктерін қолдануға және әр студентке тұлғалық жақтан бағыттауды бірге қарастыруға бағытталды.

Барлық мұғалімдер Сью Кей атынан сертификаттар және кітаптармен марапатталды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі