Тимбилдинг

13.06.2022

Просмотров: 1190

Әлемдік университеттердің рейтингісі - QS рейтингі бойынша жоғары көрсеткішке ие болып жүрген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биыл да өзінің халықаралық деңгейдегі ерекше орнын білім мен ғылымдағы үздік жетістіктерінің арқасында, университет түлектерінің жұмыспен қамтылу дәрежесінің жоғарылығы мен еңбек нарығында оларға сұраныстың басымдылықты болуымен тағы да бір дәлелдеп сурылып алға шықты (2022 жыл – 150-ші орын). Осындай қуанышты жетістіктер мен еңбектің жемістерін университет ұжымының рухани да, материалды да сезінуіне университет басшылығы әрдайым көңіл бөледі. Соның бір дәлелі, «Еңбек ете білген, демала да біледі» - деп11.06.2022 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің ұжымы заманауи түрде ұйымдастырылған Уик-энд демалыс – Тимбилдинге (корпоративті демалысқа) шықты.

Бұл керемет іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған факультеттің деканы Л.А.Бимендиева, деканорынбасарлары және кафедра меңгерушілері. Корпоративті демалысты өткізуге қолдау көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» кәсіподағына ризашылығымызды білдіреміз.

Тимбилдинг Алматы облысындағы Үшқоңыр үстіртінің етегінде орналасқан ұлттық-мәдени кешен «Nomad» Этноауылда өтті. Ол жердің таңғажайып табиғаты (таулардың әсемдігі, көкжиектен көрінген қала көрінісі, мамыражай ауа-райы), кешен қызметкерлерінің бабаларымыздың ежелгі жауынгерлік һәм шеберлік өнерін көрсетулері, киім үлгілері, сол туралы танымдық негізде әңгімелеп мазмұндаулары, сан ғасырлық мәдениетті дәріптейтін, көшпенділердің тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін және сол әлемге ойша  жетектейтіндей жабдықталған кииіз үйлерді тамашалауда көз тоймайды.

Сондай-ақ бабаларымыздың музыкалық аспаптарымен танысып және де одан шыққан әуендерді, күйлерді тыңдағанда көшпенді ата-бабамыздың бізге қалдырып кеткен асыл мұрасына тәнті болдық.

Тимбилдингтен біз керемет рухани байып, жақсы демалып, аса керемет көңіл-күймен қайттық. Өйткені факультет ұжымы арасында әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, ата аналарымен бірге барған балалар да сыйлықтарға ие болып барлығы қуанышты сезіммен, аса қатты ризашылықпен Этноауылды қимай қоштастық. Бұл факультет басышылығы ұйымдастырған тамаша, ерекше корпоратив болды. Тимбилдингке факультеттен 85 үлкен адамдар және 26 бала барған екен.

Осындай демалыстарымыз көп болсын, табиғатта корпоративті демалыс өткізу дәстүрге айналып жетістіктеріміз молая берсін дегім келеді.

Иляшова Г. Аға оқытушы