Отчеты о проведенной воспитательной работе

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық

құқық және әкімшілік құқық кафедрасы 


  

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубы

 

Клуб жетекшісі: заң ғылымдарының кандидаты, доцент Турсынкулова Динара Аханқызы

                                       

2019-2020 оқу жылының желтоқсан айына арналған «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық 

құқық және әкімшілік құқық» кафедрасының

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубының

тәрбиелік жұмыстарына

Есеп

2019 жылдың 10 желтоқсан мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» әлеуметтік жобасының аясында «Зимановтың кіші академиясы» клубы және заң факультетінің студенттері жетім балалардың жағдайын білу мақсатында Алматы қалалық «Перзент» балалар үйіне барып қайтты. Іс-шара заң ғылымдарының кандидаты Д.А.Турсынкулованың ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында балалар арасында кішігірім ойындар ұйымдастырылып, балалар сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушы: з.ғ.к., Турсынкулова Д.А.

Қатысушылар: Заң факультетінің студенттері,

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубының мүшелері.

 

 

 


 

 

 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық

құқық және әкімшілік құқық кафедрасы 

 

  

«Салық Зимановтың кіші академиясы»

клубы

 

Клуб жетекшісі: заң ғылымдарының кандидаты, доцент Турсынкулова Динара Аханқызы

 

2019-2020 оқу жылының желтоқсан айына арналған «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық 

құқық және әкімшілік құқық» кафедрасының

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубының

тәрбиелік жұмыстарына

 

Есеп

2019 жыл 10 желтоқсан Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық және әкімшілік құқық кафедрасы заң ғылымдарының кандидаты Д.А.Тұрсынқұлованың жетекшілігімен «Салық Зимановтың кіші академиясы» «16 Желтоқсан – Тәуелсіздік» күніне арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер тақырып бойынша өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Тақырып бойынша қойылымдар қойылып, студенттер барлық қырынан көрінді десек болады. Концерт барысында Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаметжанова, Ляззат Асанова сияқты Тәуелсіздік жанашырларының өмірі жайлы мәліметтер айтылып, олардың 1986 жылғы көтерілістегі ерліктері айқындалды. Студенттердің ұйымдастыруымен өткен концертке мұғалімдер де қонақ болып, өз бағаларын берді. Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздіктің бастауы болған – Желтоқсанды студенттер арасында насихаттау және оның маңызын көрсету, тәуелсіздік құрбандарының есімін мәңгі жүректе сақтау!

 

Ұйымдастырушы: з.ғ.к., Турсынкулова Д.А.

Қатысушылар: Заң факультетінің студенттері,

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубының мүшелері.

 

 

 


 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық және әкімшілік құқық кафедрасы

 

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубы

 

Клуб жетекшісі: заң ғылымдарының кандидаты, доцент Турсынкулова Динара Аханқызы

 

2019-2020 оқу жылының желтоқсан айына арналған

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық және әкімшілік құқық» кафедрасының

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубының тәрбиелік жұмыстарына

  

Есеп

2019 жыл 31 қазан Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық және әкімшілік құқық кафедрасы заң ғылымдарының кандидаты Д.А.Тұрсынқұлованың жетекшілігімен «Салық Зимановтың кіші академиясы» «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қайырымдылық-адам жанының нұры» тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Іс-шараның мақсаты: Қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу.Студенттердің өздері жауапкершілікті сезіну арқылы бойындағы мейірім мен имандылық қасиеттерді шыңдайды және қоғамдағы келеңсіз жағдайларды шешуге өз үлесін қосуға мүдделі болады. 

 

 


 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық

құқық және әкімшілік құқық кафедрасы 


  

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубы

 

Клуб жетекшісі: заң ғылымдарының кандидаты, доцент Турсынкулова Динара Аханқызы

                                       

2018-2019 оқу жылының желтоқсан айына арналған «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық 

құқық және әкімшілік құқық» кафедрасының

«Салық Зимановтың кіші академиясы» клубының

тәрбиелік жұмыстарына

 

2018 жыл 1 қараша Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық және әкімшілік құқық кафедрасы заң ғылымдарының кандидаты Д.А.Тұрсынқұлованың жетекшілігімен «Салық Зимановтың кіші академиясы» «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Шуағыңды шаш, нұрыңды төк» атты көмек көрсету бағдарламасын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Студенттердің мейірімділігін, адамгершілігін ояту.    

Іс-шара Алматы облыстық қарттар үйінде өтті.