ҚазҰУ профессоры Ж.А. Токибетовтың 80 жылдық мерей тойы өтті.

27.02.2023

Просмотров: 599

Математика кафедрасының ҚазҰУ профессоры Ж.Ә.Тоқыбетовті 80 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз!80 жас мерей той құрметіне механика-математика факультетінде семинар өткізіліп, ҚазҰУ алтын медалімен марапатталды. Семинарда ҚР ҰҒА академигі Кальменов Т.Ш., физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Кангужин Б.Е., физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темиргалиев Н.Т., физика-математика ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Ж.Ә. Тоқыбетов баяндама жасады.
Ж.Ә.Тоқыбетовті аға жасы сексенге  келуімен шын журектен қуттықтап, еліміздің, университетіміздің, факультетіміздің оған деген құштарлығы мен құмарлығы өркендей берсін деп, онда ғажап үйлескен іске дәйектілік, зиялылық, кең білімдарлық сәтті бола берсін деп зор денсаулық, үлкен бақыт, таусылмас қуат тілейміз.