Проект "100 фактов" Мухатова О.Х.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры

Мухатова О.Х.

ШЫНАЙЫ ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ШЕГІ ЖОҚ...

МАРАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ ХАСАНАЕВ

   Марат Жақсыбайұлы Хасанаев 1946 жылы мамыр айында Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келгді. Дегерес орта мектебін алтын медальмен бітірді. Мәскеу мемле­кеттік тарих институтын (қазіргі Ресей гума­нитарлық университеті) үздік аяқтап, 1974 жылы еңбек жолын Қазақ КСР Орта­лық мемлекеттік мұрағатында ғылыми қызметкер болып, Қазақ КСР-дің Бас Мұрағат Басқармасының басшысына дейін қызмет атқарған. Алматы қаласының Абай даңғылындағы ең ескі мұрағат қоймасынан өз қызметін бастай білген кәсіби мұрағатшы, ғалым – тарихшы , күллі өмірін мұрағат құжаттары арқылы тарих беттерін ашуға өз септігін тигізген ірі тұлға.

         М.Ж. Хасанаев архив материалдарына сүйене отырып, тарихтың қыр-сырларын көрсете білді. Соның ішінде қазақтың бас ақыны Абайдың өмірінің белгісіз сәттерін, сапар шегуді жаны сүйетін, шығыстың ғұлама ғалымы Шоқан Уалихановтың зиратының ашылу тарихын жазды. Ол Алматыдағы Баум тоғайының жасалу тарихын және оны еккен бағбанның тағдырын жаңғыртты. Дүниежүзі бойынша палуандар сайысында ешқашан жауырыны жерге тиіп көрмеген, қартайған шағында, соғыс жылдары, ел аралап цирк өнерін көрсетіп, Отан қорғау үшін әскери ұшақ соғуға арнап екі қап ақша жинаған ұлы Қажымұқанның кеңестік бюрократиядан өмірінің сонына қарай қалай жеңілгенін архив деректері негізде қызықты мәліметтер берді. Кеңес үкіметі кезінде болған тарихи тұрғыда сынға алған, бірі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп, бірі «тәуелсіздік үшін күрескендер» деп баға берген 1986 жылғы Алматы қаласында өткен Желтоқсан оқиғасының бұрын сонды болмаған құпия құжаттардың да бетін аша білді.

Марат Хасанаевтың архив мекемесінің аға ғылыми қызметкерінен Қазақ КСР Бас мұрағат басқармасының басшысына дейінгі еренбей қызмет еткенін, архив саласын аз да болсын уақыт ішінде көркейтіп, архив мекемесін «құжат сақтайтын алтын қазынаға» айналдыруға өз септігін тигізген архив ісінің маманы, біліктілігін жандандыра алған ұйымдастырушы ретінде ғана қарастырылып қоймай, сонымен бірге осы архив құжаттары арқылы Қазақ елінің тарихы мен мәдениетінінің қыр- сырлары мен талай ғасырлар бойы келе жатқан тарихи жәдігерлеріміздің астарлы қабаттарын ашуға, оларды ғылыми тұрғыда зерртеуге өзінің септігін тигізген ғалым-тарихшы және қаламы жүйрік публицист ретінде тануға болады. Бойындағы дарынды қабілетілігінің арқасында , архив ісінің маңыздылығы   мен тарихқа деген қызығушылығының ұштастыра білген бірден-бір ірі тұлға ретінде сипаттасақ кем болмаса артық етпейді.

М.Ж. Хасанаев архив материалдарына сүйене отырып, Ұлы Абайдың өмірінің белгісіз сәттерін ашты. Шоқан Уалихановтың зиратының ашылу тарихын жазды. Ежелгі Түркістан мен ондағы қазақтың хандары, билеуші тұлғалары жерленген пантеон жайында қалам тербеді. Ол Алматыдағы Баум тоғайының жасалу тарихын және оны еккен бағбанның тағдырын жаңғыртты. Атақты географ Прежевальскийдің Орталық Азияға соңғы сапарының тарихы жайында жазды. Дүниежүзі бойынша палуандар сайысында ешқашан жауырыны жерге тиіп көрмеген, қартайған шағында, соғыс жылдары, ел аралап цирк өнерін көрсетіп, Отан қорғау үшін әскери ұшақ соғуға арнап екі қап ақша жинаған ұлы Қажымұқанның кеңестік бюрократиядан өмірінің сонына қарай қалай жеңілгенін архив деректері негізде қызықты мәліметтер берді. Еліміздің өзге де атақты адамдары жайында да архив деректері негізінде ашып көрсетті.