«Ғарышкерлер көктеміне де 57 жыл» толыпты...

10.05.2018

Просмотров: 2784

Таң қалу бір сәт, таң қалдыруга адамның ғұмыры жетпейтін заманда, ең алғаш тәуелсіздігімізді алғанда таң қалмаған пенде қалмады. Бабамыздың аяғы тимеген жерге, баламыздың қаламы тиеді деп барша қазақ жұрты бөріктерін көкке лақтырды, міне содан бері небір қиындықты артқа тастап, биік шыңдарды бағындырып келеміз. Сол шыңның бірі тәуелсіздіктің ақ таңынан шуақ шаша оянған сәтте ғарышты бағындырып, Тоқтар Әубәкіровтың айға қонған сәттерінің бірі.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей, заман жылжыған сайын қазіргі таңда студент жастарымыз үлгі боларлықтай істерді көптеп жасап, саналы ұрпақ жалғасып келеді. Соның бір дәлелі, өткен аптада еліміздің рейтингінде көш бастап келе жатқан Қазақ Ұлттық университетінің, физика-техникалық факультетінің «Физика және астрономия» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер мен аға оқытушы Ташкеева Гульмира Қанатбековна мен эдвайзері Икрамова Салтанат Бауыржанқызының ұйымдастыруымен «Ғарышкерлер көктемі» атты іс-шара өтті. Іс-шараның білім мен тәрбиені ұштастырып қойылғаны соншалықты, ерекше әсерде болдық. Ерекше безендірілген аудиториядан бастап, топ студенттерінің белсенділігі мен өнерлері, сонымен қатар ғарышты бағындыру туралы видеороликтер көздің жауын алды. Топ мүшелерінің бір-біріне деген сыйластықтары мен іс-шараны өткізудегі талпыныстары басқа жастарға өте үлкен үлгі болады деген сенімдеміз. Киелі қара шаңырақ ҚазҰУ-нің жастары барда еліміз тек қана өркендеп, самғай бермек.