Очередной региональный семинар CARIN в городах Бишкек и Чолпон-Ата Кыргызской Республики

19.09.2023

Просмотров: 338

Орталық Азия аймақтық ақпараттық желісінің (GARIN)

бастаушы ғалымдарға арналған тренингі мен семинары

Бішкек, Чолпон-Ата, Қырғызстан

11-17 Қыркүйек, 2023 жыл

2023 жылдың қыркүйек айының 11-17 аралығында Қырғызстан Республикасының Бишкек және Чолпон-Ата қалаларында CARIN-нің кезекті Аймақтық семинары (Workshop) өтті. Орталық Азия Аймақтық ақпараттық желісі (CARIN) орман жамылғысы мен жерді пайдалану динамикасын (GOFC–GOLD) аймақтық желілерінің бөлігі болып бір былады және оны NASA-ның LCLUC бағдарламасы қолдайды. CARIN Орталық Азиядағы зерттеушілермен жер жүйелері туралы ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге, Орталық Азиядағы Жер жүйелері туралы ғылымды ілгерілетуге және әлеуметтік ғылымдар саласындағы озық тәсілдермен ұштастыра отырып, қашықтықтан зондтауды қоса алғанда, геокеңістіктік технологияларды пайдалану арқылы Жер жүйелері туралы ғылым саласындағы әлеуетті арттыруға ұмтылады.

Семинардың негізгі мақсаты - Орталық Азия елдерінің және Моңғолияның мансабын енді бастаған жас ғалымдарына (ECS Early career scientific) бағыт бағдар беру болып табылады. Сонымен қатар, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) негізделген. Семинарды CARIN-нің кординаторы - Мичиган мемлекеттік университеті (АҚШ, Ист-Лансинг ) география, қоршаған орта және кеңістіктік ғылымдар кафедрасы және Жаһандық өзгерістер мен жерді бақылау орталығының професссоры Джеффри Хенебри жүргізді.

Осы семинарға Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасынан аға оқытушы Зұлпыхаров Қ.Б. пен 3 курс Жерге орналастыру оқу бағдарламсының докторанты Калиева Д.М. қатысты. Зұлпыхаров Қ.Б. «ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Түркістан облысының суармалы жерлеріндегі деградациялық үрдістерді бағалау» тақырыбында, Калиева Д.М. «Қашықтықтан зондтау әдістерін пайдалана отырып, Алматы облысының (ауыл шаруашылығы алқаптарының) жер ресурстарының тозу процестерін бағалау» тақырыбында өздерінің диссертациялық жұмыстары бойынша баяндама жасады.