Республикалық студенттік пәндік олимпиада

24.04.2019

Просмотров: 2666

27-28 наурызда 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «5В060900-География» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
Биыл География мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға 6 топ қатысты. Қатысқан студенттер - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекетік университетінен,
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен және 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен келді.
Қатысушы студенттердің таныстыру, тесттік және тәжірибелік жауаптары мен өзіндік ғылыми жұмыс нәтижелерін қарастырып, конкурстық комиссия мүшелерінің шешімімен келесі топтар орын алды:
1 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «360 градус» тобы (Пернебек Нұрсәуле, Божбанова Меруерт, Мейірбек Қалыбек); 2 орын – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» тобы (Нұрғазы Айдос, Жүсіп Пәнжікүл, Саткарова Нурия) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Нұрлы қадам» тобы (Қамбар Ақниет, Әзімханов Бақдаулет, Өмірзақ Нұрдаулет).
Ал 3 орынды – С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекетік университетінің«Ертіс team» тобы (Тищенко Анна, Шомит Зарема, Сергазина Мадина), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Смарт» тобы (Жақсыбек Аяулы, Ерканова Нурай, Карпыкова Каракоз) және Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Jas-star» тобы (Мукашев Ербұлан, Турлыбекова Акерке, Сулейменова Алтын) бөліп алды.
Конкурстық комиссия мүшелері топ студенттерін жеке тестілеу нәтижесі бойынша жоғарғы нәтижеге ие болған төмендегі студенттерді атап өтті:
1 орын – Божбанова Меруерт (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);
2 орын – Мейірбек Қалыбек, Пернебек Нұрсәуле (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);
3 орын – Нұрғазы Айдос, Жүсіп Пәнжікүл, Саткарова Нурия (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).
Конкурстық комиссияның төрағасы ​​г.ғ.к., География институтының қызметкері, г.ғ.к. Келинбаева Р.Ж.,
ал конкурстық комиссия мүшелері г.ғ.к.,КазҰУ проф. Темірбеков А.Т., г.ғ.д., проф. Аскарова М.А., г.ғ.к., проф. Веселова Л.К., "КазГИПРОГрад1" мекеменің директорының орынбасары Темербаев И.К. болды. # kaznu#geozemkad_kaznu #geofac_kaznu