Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 26-ші сәуірде ашық есік күні өтті

29.04.2019

Просмотров: 2438

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 26-ші сәуірде ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне Алматы қаласының 13, 169, 131, 12, 159 тағы басқа мектептерінен бітіруші түлектер келіп қатысты. Ашық есік күнінде кафедра меңгерушісі г.ғ.д., профессор Г.Н. Нүсіпова университеттің жетістіктері мен кафедраның География, Жерге орналастыру және Кадастр мамандықтарымен таныстырды. Профессор Ш.М. Надыров мамандықтың қыр-сыры мен жетістіктері туралы түсіндірсе, доцент Ə.Т. Мылқайдаров мамандықтар жайлы биылғы өзгерістерді түсіндіріп өтті. Сондай-ақ доценттер Оразымбетова Г.Ш., Дуйсебаева К.Ж., Ақашева Ə.С., Тоқбергенова А.А., аға оқытушылар Қожахметов Б.Т., Зұлпыхаров Қ.Б. мектеп бітіруші түлектерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар 2-ші курс студенттері "студенттік өмірден" деп аталатын видеоларын ұсынды. Кездесу соңынан студенттер мектеп бітіруші түлектерге "Университет Кампусын" таныстырып, "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығын аралатты жəне мамандық жайлы буклеттер таратты.