«Жұмыс берушілер кеңесінің» мәжілісі

21.04.2018

Просмотров: 2511

«Жұмыс берушілер кеңесінің» мәжілісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінде «Жұмыс берушілер кеңесінің» мәжілісі өтті. Шараға ҚР Президент архиві, ҚР Ұлттық архиві, Орталық мемлекеттік Алматы қаласының архиві, ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасы, ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет Комитетінің республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі», «Остров Крым» ғылыми - реставрация лабораториясы, Генетика және цитология институты, ғылыми-зерттеу институттары мен жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директор орынбасарлары қатысты. Мәжілісте факультет мамандықтары бойынша жаңа оқу жылына негізгі оқу жоспарлары талқыланып, талқыланды. Білім беру сапасын арттыру, студенттердің теориялық білімін, практикалық тұрғыдан тереңдету ісінде екі жақты тың ұсыныстар айтылып, шешім қабылданды.