Выставка «Золото Великой степи» открылась в Музее Фицуильяма Кембриджского университета.

01.10.2021

Просмотров: 810

Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне ұйымдастырылды.
Оған белгілі археолог-ғалымдар, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлары Әбдеш Төлеубаев пен Зайнолла Самашевтың қазба жұмысы нәтижелерінде табылған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарының алтын артефактілері қойылды. Ұлыбритания жұртшылығы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжа қойылған. Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы «алтын ғасыр» деп те атайды. Ең бағалы экспонаттардың бірі – киімдері 15 000 алтын заттан тұратын «алтын адамның» қалдықтары. «Ұлыбританияға және әлбетте бүкіл әлемге Қазақстанның ежелгі мәдениетін танытуға арналған ерекше мүмкіндік. Экспозиция Фицуильям мұражайында келер жылдың 30-қаңтарына дейін өтеді.