Журналист болғың келе ме ?

12.04.2021

Просмотров: 2428

    Журналистика қызығы мен қиындығы қатар жүретін, төзімділікті, ұқыптылықты, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты саланың бірі. Қоғам үшін маңызды рөл атқарады десек те артық емес. Қоғам өмірін шындықтың шырақшысы болған маман иелерінсіз елестету де қиын. 

    Журналистика зор жауапкершілікті қажет етеді. Нақтылай атқаратын қызметін бөліп қарайтын болсақ, біріншіден, әлемдік, саяси жаңалықтарды халыққа жеткізу. Екіншіден, жеткізіп қана қоймай, әрбірін анықтауды, саралауды, өңдеуді қажет етеді.Үшіншіден, қоғамға жеткізе отырып, көтерілген мәселені, ойды насихаттай отырып ұнамды да, түсінікті болуы қажет.

    «Журналистика-жол-жөнекей жазылатын әдебиет» демекші, мен журналистиканы тамыры кеңге жайылған сала ретінде көремін. Себебі - бұл сала түрлі бағыттарға бөлінеді. Мысалы: радио және тележурналист, репортер, ақпарат т.б. түрлері бар. Журналистиканың бастауы ретінде ең алғаш әлемде жаңалықтар жазылған қолжазбалар пайдаланылыпты. Неміс өнертапқышы баспа машинасын ойлап тауып, журналистиканың пайда болуына ықпал етті. Алғаш журналистика термині Францияда пайда болған. Ал,мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, ХlХ ғасырдан бастап қолданысқа енген. ХХ ғасырда киножурналистика дүниеге келген. Ары қарай жыл өткен сайын оның түрлері де дами бастаған. Яғни, ХХ ғасырдан бастап родиожурналистика, 40-жылдарда тележурналистика, 90-жылдары ақпарат тарату көлемі бойынша әлдеқайда жылдам байланыс жолы - ғаламтор жүйесі пайда болды.

ХХl ғасыр заман талабына сай журналистика саласы әр алуан бағыттары дамып, жаңарып келеді. Қазіргі заман журналистеріне ешқандай ауыр талаптар қойылмаған. Өз ойларын толықтай жеткізе алады. 

    Менің ойымша, қазіргі журналистердің қоғамға берер үлесі өте зор. Себебі, қоғамда орын алып жатқан қаншама оқиғаларды қамтып, адамдардың мұң - мұқтажына үңіліп, олардың мәселесін шешуге тиісті жұмыстар атқаруда. Солардың бірі - Дина Төлепберген «КТК» телеарнасының журналисті, және де көптің назарында болып үлгерген «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі. Бәрі білетіндей бұл қаншама адамдардың, жұлдыздардың мәселесін талқылап жүрген бағдарлама. Ләйлә Сұлтанқызы «Әйел бақыты» бағдарламасының жүргізушісі. Бұл бағдарламада әйел баласының түрлі тағдыр жолындағы қиындықтарын шешуге көмек берді. Гүлмира Әбіқай және Жазира Бегалы «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушілері. Бұл бағдарламада, тағдыр тауқыметіне түскен жандардың мәселесін заңды жолмен шешу. Мақсат Толықбай «Информбюро» бағдарламасының жүргізушісі. Нартай Аралбайұлы «Мәселе» бағдарламасының жүргізушісі және де т.б журналистер.Өзім осы тележүргізушілердің бағдарламаларын жақсы көремін. Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы секілді бүгінгі журналистиканың шеберлері де бар. Олар көптеген адамдардың проблемасын шешу жолында қаншама тер төкті. Қоғам үшін де талай еңбек сіңірді десек, артық емес. 

    Ойымды қортындылай келе, қолына қалам ұстап немесе сөйлей алған адамның бәрі журналист емес! Ойы озық, шындыққа тура қарай білетін, мәселенің мән - жайын сараптай алатын, өзіне әрқашан сенімді адам ғана нағыз журналист бола алады деп ойлаймын. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір» дей келе, болашақта мен де осы мамандықтың тізгінін ұстау үшін қазір ізденіс жолындамын.

 

Сайрамбай Асылай Бақтыбайқызы.

11 - сынып оқушысы.

Қосан Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.

Номинация: Журналист болғың келе ме ?

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зертас ауылы.

Жетекші : Бекбосынов Тұрлыбай