Журналист болғың келе ме?

12.04.2021

Просмотров: 1966

Менің Хамза атам және Кәмшат әпкем журналист. Олардың жазғанын оқығанда кәдімгідей қуанып оны мақтан етемін .Мендегі сезім осындай .Ал олар секілді журналист болсам деген ой мені толғандырмапты. Дегемен бір оқиға туралы баяндап берге болады.

Бір күні Испаниядан оралған журналист әпкем маған әдемі қораптағы қаламсап сыйлады. Оны оған сол елдегі әріптесі сыйға тартқан екен. Әпкем оны маған ұсынып тұрып: Кәусар бұл қаламсап мен үшін қымбат. Ал сен оданда қымбатсың сондықтан оны   саған сыиға тартамын.Бірақ бұл қаламсапты әрнәрсені емес, тек жақсы мен арман мақсатарыңды жазуға арнасың,- деді .Әпкемнің     махаббаты белгісі болған бұл қаламсапты мен мықтап тығып,сақтап қойдым. Бір күні әпкем:   Кәусар сен не жазып жүрсің ,қалам кәдеңе жарады ма ?,-деп сұрады. Мен оны тығып қойғанымды айтым. Оған әпкем күліп қаламсап көп жатып қалса сиясы кеуіп кететінін айтты. Осыдан соң қымбат қаламымды қолға алдым. Бірақ қанша көп отырсам да ақ параққа ештеңе түсіре алмадым .Сол кезде журналист болудың оңай шаруа емес екенін алғаш рет ұқтым. Артынан арман   мен   мақсатарынды жазарсың деген әпкемнің сөзі есіме түсті. Қуанып, ақ параққа қайта ден қайғанымен жазғаным жарты парақтан аспады .Ақыры әпкемнен ақыл сұрауға тура келді.

Күнделікті кішкене қалауынды қағазға түсірсең ол тез орындалады деген әпкемнен хабарлама жетті телефоныма .Тез орындалады деген сөз маған ұнап кетті. Содан бастап тек үлкен арман   мен мақсат емес күнделікті кішігірім қалауларым ды қағазға түсіретін болдым. Бұдан түсінгенім осы тәжірибе менің ойымды дұрыстап түзугі қиялымды ұштауға көмектесті .Бұрын журналист болу мен үшін қиын нәрсе көрінсе қазір өз ойымды қағазға түсрудің онша қиыншылығы жоқ секілді. Дегенмен, « Журналист болғың келе ме» деген сауалға әлі нақты жауап беруге дайын емеспін.                                                                                                                                                           

Тілеухан Кәусар Мейіржанқызы

5 «А» сыныбы

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы      

Журналист болғың келе ме?

Жолаева Кундыз Акашевна

Sholaeva-1985@mail.ru