Ұлы жеңіске тағзым

12.04.2021

Просмотров: 2185

Ұлы Отан соғысының аяқталып, бейбіт өмірдің аспанында өмір сүріп жатқанымызға 76 жыл толды. Сонау 76 жыл бұрынғы қанды қырғын сәтті аяқталса да, есіңе түсе қалса көзіңе жас үйіріледі. Қаншама жауынгер майданға аттанып мүгедек болып оралды, із-түссіз жоғалып кетті, ал біреулерінің отбасына қара қағаз келді. 1941 жылы 22 маусымда басталған шайқас 1418 күнге созылып 1945 жылы 9 мамырда аяқталды. Бұл жылдар бүкіл соғысқа қатысқан КСРО елдерінің есінде мәңгі қалары анық.

Соғыс жоғарыда айтып өткендей 1941 жылы 22 маусымда Гитлердің «Барбаросса» атты жоспарымен бастау алды. Ең алдымен жауға Брест қамалындағы шекарашылар қарсы тұрды. Жау Брест қамалын бұзып өтіп Мәскеу, Сталинград, Ленинград сынды ірі қалаларды қоршауға ала бастады.

Мәскеу қаласын алудағы Гитлердің құрғанжоспары «Тайфун» деп аталды. Мәскеуді азат ету 1941 жылдың 30 қыркүйегінен 6 желтоқсанына дейін жалғасты. Мәскеу шайқасында ерекше көзге түскен генерал-майор В.И.ПАнилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы болды. Бұл дивизиядағы қазақ батыры Б. Момышұлы өзінің батырлығымен, қайтпас қайсарлығымен, Отанға деген құрметімен алдынғы қатардағы жауынгер болды. Ал В.Г.Ключков болса «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деп ұрандатып, жауынгерлерді жігерлендіре шайқасты.

Дәл осы шайқаста қазақ батырларының ішінен Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рамазан Амангелдиев сынды қазақ батырлары «Кеңес Одағы Батыры» атағын алды. Ал Бауыржын Момышұлы көзі тірісінде ала алмай, қайтыс болған жылы, яғни, 1990 жылы «Кеңес Одағының Батырын» иеленді. 316-атқыштар дивизиясы Мәскеуде көрсеткен ерлігі үшін 8-гвардиялыұ дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтінішімен гвардия В.И.Панфиловтың атымен аталатын болды.

Ал Ленинград үшін болған шайқас 1941 жылдан 1943 жылға дейін жалғасты. 900 күнге созылған қанды шайқаста қазақтың пулеметші қызы Мәншүк Мәметова мен мерген қыз Әлия Молдағұлова да ерлікпен қаза тапты. Онымен қоса Сұлтан Баймағамбетов кеудесін оққа төсеп қаза болды, Дүйсенбай Шыныбеков, С.Жылқышев сынды батырлар да өздерінің ержүректілігемен көзге түсті. Осы Ленинград шайқасында жазықсыз 850 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болды.

Ленинград шайқасында жауынгерлерге ерекше рух берген Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі болды. Өлең орыс тіліне аударылып радиодан күніне бірнеше мәрте қойылды, плакаттарға басылып шықты. Осындай шығармалардың да арқасында жауынгерлер берілмей, жауға тойтарыс берді.

Шайқаста «Кеңес Одағы Батыры» атағын алған батырлар Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, С.Баймағамбетов, Қ.Аманжолов, І.Айтықов алды. 2 рет «Кеңес Одағы Батыры» атағын алған жауынгерлер Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский болды.

Ірі шайқастардың үшіншісі Сталинград үшін болған шайқас. Бұл қанды қырғын 1942 жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпан айына дейін жалғасты. Шайқасқа Қазақстанның батыс бөлігіде енгізілді. Себебі Батыс Қазақстан мен Сталинградтың арасы 500 км-дей ғана жер еді. Осы Сталинград шайқасында Германия 1,5-ға жуық солдат пен офицерлерінен айырылды.

Сталинград үшін шайқасқа Ж.Жабаевтың ұлы Алғадай да қатысты. Ол пулеметшілер тобын басқарып, Синельниково қаласының маңында ерлікпен қаза тапты. Ал 116-атқыштар дивизиясы 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жауынгерлік құрамында қазақтар көп болып, көшелерде ерлікпен шайқас жүргізді. Олардың құрметіне Сталинградтың бір көшесі «Қазақ» деп аталды. Сталинград үшін шайқаста «Кеңес Одағының Батыры» атағын төрт жауынгер алды.

Үш ірі шайқастан бөлек қаншама үлкенді-кішілі шайқастар болды. Ондағы жауынгерлер өз Отандарына деген сүйіспеншілікпен бар жандарын салып жерін қорғады. Еш берілместен шайқасып, ақырында жеңіс туын рейхстагқа Рақымжан Қошқарбайев барып желбіретті. Ол рейхстагқа 360м қашықтықта жүрсе де жан-жақтағы оқтан қорғанып туды тек 7 сағаттан кейін ғана тіге алды. Жеңіс туы 1945 жылы 9 мамырда 18 сағат 30 минутта желбіреді. Бұл сәт жауынгерлер үшін естен кетпес сәт болғаны анық.

Алайда жеңіс туының желбіреуіне себепші болған тылдағы жұмыскерлерді де ұмытпағанымыз жөн. Өйткені олар болмаса майдан шебіне керекті қару-жарақтарды, киім-кешектерді, азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді дайындап, жіберетін адамдар болмаушы еді. Ондай жағдайда еліміздің күні қандай боларын елестетудің өзі қорқынышты. Сондықтан тыл жұмыскерлерінің де рөлі майдан даласында маңызды болды.

Тыл еңбеккерлері Қорғаныс қорын бүкілодақтық бастамаға айналдырып, Жеңіс қорының түрлерін қарастырды. Әрбір тылдағы қызметкер болсын, жұмысқа жарамсыз адам болсын майданға қолынан келгенше көмек жіберуге тырысты. Айлық табысының, күндік табысының бір бөлігін тыл еңбеккерлері майдан үшін көлік, ұшақ, қару алуға жинады. Ал қазақтың атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов халыққа өзінің өнерін көрсетіп, одан түскен ақшаны майданға деп жинап отырды. Соның арқасында майданға бірнеше танктер мен ұшақтар алынды.

Соғыс аяқталғаннан кейін соғыс жылдары суреттелген кино, фильм, кітаптар, өлеңдер шыға бастады. Атап айтсақ, «Екі жауынгер», «Мергендер», «Артымызда Москва», «Партизандар» сынды фильмдер, «Ленинградтық өренім», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя» секілді майдангер ақын-жазушылар мен қарапайым ақын-жазушылардың шығармалары жарық көрді. Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Ескендір Хасанғалиевтай әнші тұлғаларымыз болды. Олар халықтың көңілін көтеру мақсатында, жауынгерлердің рухын көтеру мақсатында түрлі жерлерде концерт беріп, әндерін шырқады.

Соғыстың салдырын айтар болсам, Қазақстанның үлттық құрамы өзгеріске ұшырады. Өзге ұлт өкілдері күштен елге әкелінді. Түрлі кәсіпорындар ашылды. Жаңадан кен орындары пайда бола бастады. Оған себепгер геолог Қаныш Сәтбаев болды. Ғылым мен мәдениетте үлкен өзгерістер болды. Қазақ Ғылым Академиясы ашылды, әскери оқулар көбейді. Қазақ әдебиеті жаңа есімдермен толықты. Мысалы, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, С.Мәуленов, Ж.Молдағалиев, Б.Бұлқышев. Барлығы өз шығармаларын жазып, кітаптарын шығарып қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор үлес қосты.

Міне, осылайша біз фашисттерді жеңдік. Бұл бір баға жетпес қуаныш болды. 5 жылға жуық уақыт шайқасып 9 мамырда рейхстагта туымыз желбіреді. Барша КСРО жұрты қуаныштан жылады. Әкелерін, ағаларын, балаларын, ғашықтарын күткен әйелдер қауымының қуанышында шек болмады. Олар бұл тарихи күнді асыға күтті, кейбіреулері тіпті қайғылы хабарды да алған болатын.

Осындай сұрапыл соғыстың қуанышты нәтижесін есте сақтамасақ дұрыс болмас. Біз ардагерлерді қайтпас қайсарлықтары үшін, Отанын жанындай жақсы көретіндіктерін үлгі тұтып, оларға құрмет көрсетуіміз, керек кезде көмектесуіміз міндет. Өйткені олар біз үшін, болашақ ұрпағы үшін жанын аямады, соңғы демі қалғанша күресті.

Бүгінгі таңда ардагерлерден санаулы ғана қалды. Оларды тарихтағы ең үлкен соғыстардың бірінде Отанын қорғағаны үшін құрмет көрсетуге, жәрдемдесуге міндеттіміз.

Осылайша біз тарихтағы ұлы жеңіске тағзым етеміз. Алайда ардагерлерді тек 9-мамыр күні ғана еске алатынымыз қынжылтады. Тек сол атаулы күні ғана оларға көмек көрсетеміз, көңілдерін аулаймыз. Ал басқа уақытта ол кісілерді тіпті елемейміз. Мен бұл стереотипті жойғым келеді. Ардагерлер санаулы ғана қалды деп айтып өттім ғой. Міне, сол санулы қалған ардагерлерге үнемі көмектесіп тұрғаннан бізге ештеңе де болып қалмайды ғой. Керісінше сауап жинаймыз. Сол үшін барлығымыз қол үшін созсақ ардагер ата-әжелерімізді көңілдері жайсаң, өмірлері жылы шуаққа толы болар еді.

 

Алматы қаласы, Алмалы ауданы                                                                                                      №58 мектептің 9 «А» сынып оқушысы                                                                                             Дүйсен Қарақат                                                                                                                        Номинация: Ұлы жеңіске тағзым                                                                                                 Жетекші: Бопырбаева Самал                                                                                                                                              Эл.почта: duisenovak1217@gmail.com