Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы

12.04.2021

Просмотров: 2715

   «Қазақтың бас ақыны» - бұл атауға қазақ халқының көптеген ақындары, ойшылдары лайық. Бірақ ең лайығы болып Құнанбайдың ұлы Абай хәкім танылды. Не себепті Абай қазақтың бас ақыны әрі әлемдік мәдениеттің тұлғасы?

Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби екендігі хақ. Әл-Фарабидің философиялық ойларын қазақ халқының түсінігінде жеткізе білген әрі дамыта білген – Абай Құнанбаев. Мәселен Әл-Фараби бен Абайдың жүрек жайлы ойлары бір жерден шыққаны анық байқалады. Ұлы ұстаздың жүректің адам мүшелерінің басшысы екендігі мен бас ақынның қайрат, ақыл, ғылымның жүрекке бағынатыны жайлы ойлары өзара үндесіп жатыр.

   Абай кішкентайынан шығыстың қисса-дастандарынан тәлім алып өскен. Абайдың өз заманынан ойы озық болып жетілгендігі қара сөздерінен ,һәм өлеңдерінен сөзсіз байқалады. Қара сөздерді бір оқып шығып , ұзақ ойға шомуға болады. Тәлім-тәрбиеге толы сөз маржандары қай адамды болсын ойландырары белгілі.

   Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырларда өмір сүрген ақынның шығармашылығы неліктен әлі күнге дейін өз өміршеңдігін жоғалтпаған? Абай қазіргі заман жастарына бағыт берер жолды бірнеше ғасыр бұрын жырлап кеткен. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бұл жаман қасиеттер бұрында болған, қазір де бар, болашақта да болады. Сол себепті Абай мұрасы өз құндылығын еш жоғалтпақ емес.

   Қара сөз, өлең, поэмаларды қоса алғанда Абайдың әндері қандай ғажап? Лирикаға толы шығармаларды қазақ халқы түгілі әлем елдері мойындаған.

   Қазақтың бас ақыны Абайды дүниежүзі оқып, зерттеп, құрметтеп жатқанда, өзіміздің халқымыз бағаламаса өмірдің әділдігі қайда? Әр сөзіміздің басын « Абай атамыз айтқандай…» деп бастасақ қандай керемет болар еді?!

   Мен өз басым кітаптарды оқып саралағанды ұнатамын. Бірде мотивациялық кітаптар оқып бастадым. Бірінші кезек Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» оқып шыққан едім. Мен өзіме керектіні таптым, қалған кітаптарды оқуды қажет деп санамаймын. Абай атамыз айтқандай әр адам өмірде кірпіш болып қаланып, өз орынын тапқан жөн. Өмірдегі ең басты дүниелер – білім мен ғылым. Абайдың идеясы да осы еді. Өскелең қазақ жастары білімге, ғылымға, оқуға құштар болып өссе – Абайдың өмірлік арманы орындалғаны.

   Абай Құнанбаев – әлемдік мәдениеттің тұлғасы. Абай туралы айтар болсақ, айтар дүние шыңнан биік, мұхиттан терең. Мұхтар Әуезов Абайдың өмір жолын зерттеп, әлемге кітап арқылы танытса, мен Абай Құнанбаевқа арнап өлең шығардым. Қабыл алыңыздар.

 

                                            Құнанбайдың ұлына

 

Атың Абай,затың Абай                                              

Қара сөздің патшасы.                                             

Ұлы хакім,дана Абай                                             

Жазбай таныр баршасы.                                        

Әдебиеттің түп тамыры,                            

Асыл жауһар өзінсің.                                 

Қазағыма біткен нұры                                            

Мұра болар игі ісін.                                               

Тәрбиелік тәлімі бар,                                              

Өшпес сенің сөздерін.

Халқын сүйген жан-тәнімен

Тұмардайын көздерін.

Жақсы менен жаманды да,

Айыруда зерексің.

Өлеңіме арқау болар,

Дарасың,сен ерексің.

Дәл өзінді қажетсінер,

Ұрпақтарын бүгінде.

Ұлы Абай,бұл заманға

Әрқашан да керексің.

Сен арқылы руханият,

Әлеміне бойладым.

Әуеніңмен лирикаңның

Әсем кепін сомдадым.

Сен арқылы Әуезовтей,

Алып ұл да танылды.

Екі алыпты тоғыстырған

Қандай күш деп ойладым.

Сен өлерсің, затың өлер,

Өлмейтұғын өлеңін,

Бір өзіне сый тартамын,

Беретінім өлеңім.

 

 

 

 

 

 

Аты-жөні: Аңламасова Айнұр Қуанышқызы

Сыныбы: 10 «ә» сынып оқушысы

Мектебі: Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Жетекшісі- Түлкібаева Назгүл

Номинация : «Абай- әлемдік мәдениеттің тұлғасы»

Электрондық пошта: ajnuranlamasova99@gmail.com