Олимпиада


Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві

Жас архивистер кеңесі

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Жастар жылы және «Архив - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласы Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған Архивтану және іс жүргізу пәндері бойынша ІV қалалық олимпиада

(Алматы, 12 сәуір 2019 ж.)

 

Ұйымдастырушы: ҚР Президентінің Архиві, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультеті

 

    Олимпиада Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту және оларға болашақта архив мамандығы бойынша жұмыс жасауға ықпал ету мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту және оларға болашақта архив мамандығы бойынша жұмыс жасауға ықпал ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жас архивистер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты – студенттердің ғылымға ынтасын арттыру, ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын әйгілеу және еліміздегі архив ісі мен құжаттануды насихаттау және архив мамандығының мәртебесін көтеру.

            Олимпиада ІІ турдан тұрады:

            І. Топтың сәлемдесуі, командалардың шығармашылық конкурсы. (топтың аты, мүшелері, эмблемасы, таныстыруды музыкалық жанрда да өткізуге болады) - 7 мин.

            ІІ. Үй тапсырмасы. Ғылыми жобаны қорғау (презентациясымен) – 10-15 мин.

 

ІІ турдың бағыттары:

  1. «Ұлы даланың жеті қыры» және Отан тарихы мәселелері.
  2. Архив ісін және іс жүргізуді цифрландыру: проблемалары мен перспективалары.

 

            Екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар анықталады. Олимпиада қазақ және орыс тілінде өтеді. Олимпиадаға қатысушыларды номинациялар бойынша марапаттау Қазылар алқасы нәтижелерді шығарғаннан кейін жүзеге асырылады. Жеңімпаздарын материалдық марапаттау қарастырылған.

            Олимпиадаға қатысу туралы өтініштерді 2019 жылдың 31 наурызына дейін мына мекенжайға жіберу керек: Алматы қ., Достық даңғылы 87б немесе электронды пошта bekishevago@mail.ru

            Анықтама телефондары: 8(727)263-13-54 (Бекішева Гаухар Оразайқызы), 8-747-768-41-90 (Шайжанова Сымбат Маратқызы)

            Өтетін орны: Достық даңғылы 87б, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві.

 

 

 

ЖОБА МӘТІНІН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

          Көлемі 10 бетке дейін, MS WORD редакторында, мәтін шрифті: «Times New Roman», кегль 14.

          Шектері: жоғары және төменгі жағы – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см, аралық интервал – 1.

          Интервал арқылы ортада қою қара жазба әріптермен – жоба атауы, оң жақта автордың аты-жөні, оқу орны, ғылыми жетекшісі жазылады. Жоба жоспары, кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды мен ұсыныстан тұруы шарт. Сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы: [1, 24-б.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

          Кестелерді теруге MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

 

ЖОБА МӘТІНІН БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 

Тақырып атауы

ФИО

Ғылыми жетекші

 

Мәтін, мәтін, мәтін, [1, 24-б.]. мәтін, мәтін .... [2, 35-б.].

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

_________________

 

  1. Абай Құнанбайұлы. Қолына алып, пәле салып, аңдығаны өз елі (электронды ресурс) //

     http://www.abai.kz/post/view?id=24 сайты (сайтқа жарияланған күні 14.03.2014.)

  1. Қойгелдиев М. Сұраншы мен Саурық. //Жас Алаш. – 2013, 29 қазан.