Проект "100 фактов" Мухатова О.Х.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама

және деректану кафедрасының профессоры

Мухатова О.Х.

 

                         ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

               (Бәшен Баймұратқызының жеке қор құжаттары бойынша)

     

     Тарихта өз елінің мүддесін жеке басының қамынан жоғары қойған тұлғалар көп емес, дегенмен олардың бірі туралы жиі айтыла бермейді. Соңғы жылдары есімі тасада қалып бара жатқандардың бірі – Бәшен Баймұратқызы. Б.Баймуратова Алматы қаласында 161, 163, 204 қазақ бала бақшаларының ашылуына септігін тигізді. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері ретінде балабақшаларға арналаған еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде жариялады.Ұстаз бала бақшаның жұмысына, сәбилердің тәрбиесіне ерекше мән берді. Сәбилерді әдеби шығармалар арқылы тәрбиелеуді қолға алды. Тәуелсіздік жылдары қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін өзгерткен тұста Бәшен Баймұратқызы Алматы қаласындағы орыс тілінде жұмыс жасайтын балабақшада қазақ тілін оқытуға баса көңіл бөлді. Арнайы әдістемелік құрал дайындалып, ол балабақша тәрбиешілеріне, педагогикалық институттар мен педучилищелердің мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тәрбиешілер дайындайтын бөлім қызметкерлеріне арналды. «Қазақ тілі дидактикалық материалдар», «Орыс тілінде жұмыс жасайтын балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы», «Орыс балабақшаларында қазақ тілін тереңдетіп үйрету бағдарламасы», «Қазақ тілі», «Ана тілі хрестоматиясы» және т.б. оқу, оқу-әдістемелік құралдарын, бағдармаларды жариялады.