БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

23.11.2016

Просмотров: 2347

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25 қарашасында сағат 11.00-де № 230 Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында халықаралық тақырыпта қалам тербеп, баспасөз, телевизия салаларында қызмет атқарған әмбебеп журналист, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Төребаевтің 100-жылдығына арналған «Халықаралық журналистика: тарихы, бүгінгі келбеті және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция барысында талқыланатын мәселелер:

 Халықаралық журналист Ы. Төребаевтың публицистік және шығармашылық шеберлігі;

 Халықаралық журналистиканы оқытудың әдістемесі мен заманауи технологиялары;

 Халықаралық журналистиканың теориясы мен тәжірибесі.

 

Ыдырыс Төребавтың публицистік және шығармашылық қызметіне арналған халықаралық конференцияда төмендегі номинациялар бойынша үздік жұмыстарға байқау жарияланды:

  1. Ең үздік телефильм;
  2. Ең үздік ғылыми жұмыс;
  3. Ы. Төребавтің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік презентация.

 

Қосымша ақпарат:   

Ыдырыс Төребаев ҚазТАГ Бас редакторы, агенттік директорының орынбасары, аудармашы қызметтерін атқарған. 1916 жылы 19 қарашада Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. 1939 жылы журналистика Қазақ коммунистік институтын аяқтаған соң, Павлодар обком партиясы аппаратында қызмет атқарды. Соғыс кезеңінде Оңтүстік-Батыс майданында, одан кейін Запорожск обылысында партизан қозғалысына қатысты. 1943-1945 жылдары 4-ші Украин, 3-ші Беларусь, Ленинград майдандарында командир болды. 1944 жылы «Жауға қарсы аттан» газетінде өлеңдері жарияланды.

«Социалистік Қазақстан», «Огни Алатау», «Ленинская смена», «Вечерняя Алма-Ата» т.б. мерзімді басылымдарда мақалалары жарияланып тұрды. Телевидение және радиода сыртқы саясат мәселері бойынша алқасөздер ұйымдастырды.

Ыдырыс Төребаев «Отан соғысы» ІІ дәрежелі орденімен, «Красная звезда» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары және төсбелгілерімен марапатталған.