«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане

27.11.2015

Просмотров: 2930

Журналистика және коммуникация бойынша ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы тарапынан «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» атты жинақтың 10 басылымы баспаға дайындалуда.

Ғылыми жұмыстар байқау негізінде қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік тілдерінде қабылданады.

         Мақала өткізу мерзімі -  2015 жылдың 15 желтоқсанына дейін.

         Ғылыми мақалалар жинағы жылына 2 рет басылып шығады.

         2015 жылдың маусым айында «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 9 саны шыққан болатын.  

9 санында Қазақстаннан, Ресей және Украинадан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақалалар жарыққа шықты.

       Мақалаға қойылатын талаптар:

7 беттен артық көлемдегі мәтіндер Microsoft Word немесе сонымен үйлесімді редакторында электронды нұсқада,  Times New Roman шрифті, 14- шрифт көлемі, бір интервалмен өткізілуі тиіс.

Мәтін өңделген және автордың қолтаңбасымен толық аты-жөні, дәрежесі мен атағы, қызмет орны мен лауазымы, телефон номері, мемлекеті көрсетілген болуы керек. 

Мақала соңында – ГОСТ 7.1-2003. сәйкес рәсімделген әдебиеттер тізімі берілуі тиіс.

Міндетті түрде: негізгі сөздер, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме болуы керек.

          Жұмыстар мына электронды мекен-жай бойынша қабылданады:laila_akhmetova@mail.ru, Бас редактор, профессор   Л.С. Ахметова